Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина қалаларында Владимир Лениннің ескерткіштерін құлатып жатыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, Полтава облысында Лениннің сегіз ескерткіші құлатылған. Облыс орталығы Полтава қаласындағы ескерткішті жүк көлігінің көмегімен құлатқан.

Өткен аптада Қырымда да Ленин ескерткіші құлатылды.

Украинада үкіметке қарсы шерулер басталған үш айдың ішінде большевиктер көсемі Лениннің ондаған ескерткіші құлатылып, қиратылды.

Еуромайдан шеруі басталғалы Ленин ескерткіші алғаш болып Киевте 8 желтоқсанда құлатылды.

Жексенбіде Донецк мен Харьковте Ресейді жақтаған демонстрация кезінде белсенділер Ленин ескерткіштерін қорғау үшін олардың айналасын қоршаған.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140225/330/330.html?id=25276282

Рубрика: