Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2014 жылдың сәуірінен бері Украинаның шығысындағы қақтығыстан кем дегенде 5000 адам қаза тапқан деп хабарлады 23 қаңтарда Женевадағы баспасөз мәслихатында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі өкілі Руперт Колвилл.

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыста қаза тапқан 5086 адам нақты белгілі. Колвилл мерт болғандар бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.

БҰҰ есебінше соңғы тоғыз күнде Украинаның шығысында 262 адам көз жұмған.

Соңғы уақытта Донбаста қарулы қақтығыстар жиілеп кеткен. 22 қаңтарда Донецкідегі автобус аялдамасы маңында болған атыста сегіз бейбіт тұрғын мерт болып, 13 адам жарақаттанған. Осы аптада Дебальцево қаласындағы атыс кезінде үш адам қаза тапқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150123/330/330.html?id=26809418

Рубрика: