Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті Виктор Янукович елде Еуропа одағымен интеграцияны талап еткен демонстрациялар кезінде ұсталғандардың барлығына рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, рақымшылық демонстрациялар басталған 21 қарашадан бері ұсталғандардың барлығына бірдей қолданылады. Ұсталғандар босатылып, істері жабылуы тиіс.

Қарашаның ортасында Украина үкіметінің Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюға дайындықтан бас тартып, Ресеймен байланысын нығайтатыны туралы шешімінен соң елде жаппай наразылық акциялары басталған.

Акцияларға жүз мыңдаған адам қатысты. Өткен аптада Янукович Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен қаржылай көмек алу және ресейлік газ бағасын арзандатуға келіскен соң Украинада демонстранттар саны біршама азайды.

Рубрика: