Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Азов» және «Шахтёрск» еріктілер батальондары Украинаның шығысындағы Донецк қаласына енді деп хабарлады «Украинская правда» басылымы батальон өкілі Игорь Мосийчукке сілтеме жасай отырып. Мосийчуктің сөзінше, батальон қаланы азат ете бастаған.

Бүгін Украина әскері Донецк облысындағы маңызды теміржол пунктерінің бірі Ясиноватая қаласына енгенін ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚҚК) өкілі Андрей Лысенко хабарлады. Оның айтуынша, осы қаланы алғанның арқасында сепаратистерге қару-жарақ таситын маңызды жолдың бірі жабылған. Лысенконың сөзінше, ҰҚҚК елдің шығысындағы тұрғындарды «елді тонап, адам ұрлап, жекеменшік ғимарат пен көлікті тартып алатын» сепаратистер басып алған аумақтан кетіп қалуға шақырған.

ҰҚҚК өкілі дерегінше, соңғы күндері Украинаның шығысындағы арнайы операциядан бес әскер қаза тауып, 14-і жараланған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140804/330/330.html?id=25480731

Рубрика: