Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

uacrisis.org фотоУкраина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан шығу үдерісін бастады, деп хабарлады ҚазТАГ «Укринформ» агентігіне сілтеме жасап. 

«ҰҚҚК-де тек ТМД-дағы төрағалықты тоқтату туралы ғана емес, сонымен қатар ТМД-дан шығу үдерсін бастау туралы шешім қабылданды», — деп айтқан Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) хатшысы Андрей Парубийдің сөзі келтірілген.

Одан басқа, оның айтуынша, Украина аумағында украиндық армия мен ел қауіпсіздігіне кепіл-одақтас мемлекеттердің әскерлерінің қатысуымен бірлескен әскери жаттығу өткізу жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды. Кепіл-мемлекеттерге ол туралы үндеу дайындалды, деді А, Парубий.

19 наурызда Украина 2014 жылы ТМД төрағалығынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Украина СІМ жасаған мәлімдемеде көрсетілгендей, ТМД өзінің қатысушы-мемлекеттер арасындағы шиеленістік жағдайды реттеу жөніндегі функциясын орындамайды және «жекелеген мүшелерінің, оның ішінде Ресей Федерациясының мүдделерін іске асыру тетігіне айналды». Сәуір айында Беларусия Украинаның орнына ТМД-дағы төрағалығын алуға дайындығын мәлім етті, деп хабарлады БелТА.

http://alashainasy.kz/sabaktar/51160/

Рубрика: