Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті Петр Порошенко ел парламенті — Жоғарғы Раданы таратып, парламент сайлауын 26 қазан күні өткізуге жарлық шығарды. Бұл шешімі жайлы ол Twitter-де хабарлады.

Заң бойынша, сайлау жарлық шыққан соң 60 күн ішінде ұйымдастырылуы тиіс. Порошенко парламентті таратудан бірнеше сағат бұрын Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпеймен телефонмен сөйлескен. Әңгіме барысында Порошенко 25 тамыз күні елдің шығыс бөлігіне ресейлік танкілер кіргеніне алаңдаушылық білдірген.

26 тамыз күні Минскіге баратын Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонмен кездесуі тиіс. Бүгін Беларусь астанасында «Кеден Одағы-ЕО-Украина» форматындағы отырыс болатыны да хабарланған. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Бұл кездесулерде Украина дағдарысын шешу жолдары қарастырылады. Киев пен Мәскеу арасындағы газ проблемасы да талқыланатыны айтылды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140826/330/330.html?id=26550247

Рубрика: