Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина, Польша және Литва келесі айда біріккен әскери бригада құруы мүмкін.

Украина үкіметі қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Михаил Ковальға біріккен әскери бригада құру туралы келісімге қол қоюды тапсырды.

27 мамыр күні Коваль келесі айда келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Ол НАТО-ға мүше Польша және Литвамен бірлесе жұміс істеу арқылы Украина әскерінің біліктілігін альянс талаптарына сай етуге болатынын айтқан.

Михаил Коваль бірлескен бригаданың украиналық бөлімшесі Львов қаласының батысында орналасатынын, бригада бірлескен тапсырмаларды орындап, бітімгершілік миссияларын атқаратынын да айтты.
Польша мен Литва Украинамен тығыз әскери байланыстар орнатуға бұрыннан мүдделі.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140528/330/330.html?id=25401419

Рубрика: