Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті Петр Порошенко елдің оңтүстік және шығыс аймақтарында сепаратистер шабуылдап қалуы мүмкін деген қауіппен әскерді күшейтуге бұйрық берді.

Қарашаның 4-і күні Киевте ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің жиынында сөйлеген Порошенко қосымша әскери құрылымдар Мариуполь, Бердянск, Харьков қалаларын, Луганск облысының солтүстігі мен Днепропетровск облысын қорғайды деді. Президент бұған қоса қыркүйектің 5-інде Минскідегі бейбіт келісім бойынша қабылданған заңның күшін жоюды ұсынды. Ол заң елдің шығысындағы сепаратистер бақылауындағы облыстарға өкілеті шектеулі автономия беруді қарастыратын.

Порошенко ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің жиынын өткізуді сепаратистердің басып алған аймақ басшылары мен «халық кеңестеріне» «сайлауынан» екі күннен кейін ұсынған. Батыс елдері мен Киев Украинаның шығысындағы ол «сайлауларды» заңсыз деп біледі.

Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасында» қарашаның 4-інде өткен «сайлауларда» жеңіске жетті деп жарияланған сепаратистердің басшылары ант қабылдаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141105/330/330.html?id=26674934

Рубрика: