Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_c4ca497413745d9c8ecc84ca4cd5f43eАстана. 2 тамыз. Baq.kz – Қазақстан Украина кәмпиттерін кіргізуге тыйым салуы мүмкін. Ресейдің бас санитарлық дәрігері украин кәмпиттері денсаулыққа зиян деп мәлімдеді.

Геннадий Онищенконың айтуынша украиндықтар кәмпитке зиянды химикаттар қосады екен. Бұл жерде әңгіме «Roshen» компаниясының өнімдері жайлы. Алдағы уақытта бұл тәттілер еліміздегі сауда орындарында көрінбей жатса таң қалмаңыз.
«Roshen» сүтті шоколадында бензопирен анықталды. Бұл дерек – бізге компанияның барлық өнімдерін елге кіргізбеуге толық негіз бола алады», — дейді Онищенко.
Бензопиренді тағам өнеркәсібінде пайдалануға тыйым салынған. Бұл аталған зат онкологиялық ауруларды тудырады. Украина үкіметі «Roshen» өнімінен ешқандайда да химикат таппадық деп отыр.
Қазақстан таяу арада бұл елден тәтті тағамдарды кіргізуге тыйым салуы мүмкін.
Бүгінгі таңда Ростұтынуқадағалау ұйымы «Roshen» өнімі Кеден одағының техникалық регламентке сай келмейтіндігін ресми түрде растады. Өнімнің зияндылығын тексеруді Қазақстанның санитария қызметі де қолға алды. Өнім техникалық регламентке сай келмеген жағдайда, оны елге импорттауға тыйым салынады», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санэпидқадағалаудың бас сарапшысы Марал Рақымжанова.
Сонымен қатар, кейбір сарапшылар «бұл жағдайдың саяси астары болуы әбден мүмкін» дейді. Өйткені, Ресейдің бас санитарлық дәрігері Онищенко жоғарыдағы ақпаратты президент Владимир Путин Украинаға барып-қайтқан соң мәлімдеді.

 

Бак.кз

Рубрика: