Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ураинаУкраина президентi Виктор Янукович премьер-министр Микола Азаровтың отставкаға кету жөнiндегi өтiнiшiн қабыл еттi. Мемлекет басшысы сайтының хабарлауынша, президент министрлер кабинетiне жаңа үкiмет жасақталғанша өкiлеттiгiн жалғастыра берудi тапсырыпты. Премьер-министрдiң қызметiн уақытша атқару бiрiншi вице-премьер Сергей Арбузовқа жүктедi. Қазiр президент Януковичтiң де тағы жар басында тұр.

“Украина министрлер кабинетi туралы” заң бойынша, үкiмет басшысы президент жарлығы шыққан күннен бастап бүкiл командасымен отставкаға кетедi. Жаңа үкiмет екi айдың iшiнде жасақталуы тиiс. Алайда еуромайданшылардың ары­­­­нына қарасаң, президент Яну­ковичтiң өзiн Азаровтың артынан жөнелтетiндей.
Осыған дейiн оппозиция Украинаның он облысының әкiмшiлiк ғи­маратын басып алып, екi губернаторды отставкаға кетуге мәж­бүр­ле­­­ген. Ендi мiне, премьер-ми­нис­­­тр­­iн желкелеп қуды. “Януковичтi тағынан тайдырмай тынбаймыз!” дейдi.
Азаровтың ақылы бар екен. “Өз еркiммен кеттiм” дедi. Миколаны кетiрген майданшылардың тепкiсi екенi басы ашық жайт болса да, оның отставка жөнiнде өтiнiш жазуы – ақылдылық. Янукович тағын сақтап қалу үшiн Азаровты құрбан етуге дайын екенiн оппозиция жетекшiлерiне айтқан. Бұл да оған түрткi болса керек. Өзiн құрбан етуге дайын адамның ол не үшiн сойылын соғуға тиiс?
Билiкке келу қандай қиын болса, билiктен кету де сондай қиын екенiн Азаров өтiнiш жазған күнi түсiнiптi. “Мен бүгiн өте қиын әрi жауапты шешiм қабылдадым. Премьер-министр­лiк қызметтен отставкаға кете­мiн. Дағдарыстың тоқтауына, саяси күштердiң тiл табы­суына осы шешiмiм сеп болсын”, – дептi Микола Азаров.
Януковичтiң оппозиция жетек­шi­лерiне үкiметтi басқаруды ұсынғанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде жазғанбыз (“Оппозиция Януковичке санаулы сағат бердi”, 28 қаңтар, №6). Кеше УДАР партиясының жетекшiсi Виталий Кличко мен “Батькившина” партиясының басшысы Арсений Яценюк бұған қатысты шешiмдi жауабын айтты.
“Заң бойынша 60 күнде үкiмет жасақталуы керек. Бiрақ УДАР партиясының өкiлдерi үкiметтiң жаңа құрамына кiрмейдi”, – дедi В.Кличко.
Янукович үкiметтi басқаруды ұсынған Арсений Яценюк те бас­тап­қы ойынан айнымапты. “Мен мұ­ны тiптi талқылап та жатқам жоқ”, – деп қысқа қайырды.
“Америка даусының” хабарла­уынша, сей­сен­бi күнi Украина прези­дентi Виктор Янукович АҚШ-тың вице-президентi Джо Байденге телефон соққан. “Бас­шылар Украинадағы жағдайды талқылады. Байден Украина билiгiнiң дағда­рыс­тан шы­ғу үшiн жасап жатқан әре­кет­терiн құп­та­ды. 16 қаңтарда Жоғарғы рада қа­былдаған реп­рес­сия­лық заңдарды тездетiп керi қайтаруға және оппозиция же­тек­­шi­ле­рiмен тiл табысуға ша­қыр­ды”, – дейдi “Америка даусы”.
Януковичтiң премьер-минист­рiн отставкаға жi­­­бе­руi, оппозициямен татуласуға тырысуы, Байденмен кеңе­суi Кремльге ұнамағаны анық. The Wall Street Journal басылымы ресейлiк шендi­лердiң бiрiне сiлте­ме жасап былай деп жазды: “Ендi Ресей уәдесiнен тайып, Украинаға берем деген несиесiн – 15 миллиард АҚШ долларын бермеуi мүмкiн”.
Азаров отставкаға кеткенi белгiлi болған күнi Ресей прези­дентi В.Путин әлгi несиеге қатысты ойын айтты. “Билiкке оппозиция келген күнде де несиенiң шарты сол күйi қалады. Газдың бағасы да өзгермейдi. Ол маңызды емес. Үкiмет басына Юлия Тимошенко келгенде де онымен конструктивтi келiссөз жүргiзгенбiз”, – дедi ол.
Путиннiң “билiкке оппозиция кел­се де, маған бәрiбiр” дегенi – өтi­рiк. 15 миллиард доллардың жайы мен газдың бағасы Украина билiгiне кiм келгенiне байланысты болмақ. Билiкке оппозиция келсе, Ресейге жонын бередi. Жонын бе­рiп тұрған Украинаға Ресей қалай жалын төсейдi?
АҚШ президентi Барак Обама кешегi халыққа жолдауында Ук­раинаны сөз еттi. “Украина халқы өз құқығын еркiн әрi бейбiт түрде қорғауға, өз елiнiң болашағын ай­қындауға қақылы”, – дедi ол.
Ресей президентi Владимир Путин Украина мәселесiнде белi ма­йыса бастағанын мойындағысы жоқ. 28 қаңтарда Брюссельде өткен “Ресей – Еуропалық одақ” саммитiнде ол кәнiгi әдетiнше мыс­қылдап, еурокомиссар Жозе Мануэль Барроза мен Еуропалық ке­ңестiң басшысы Херман ван Ром­пейдiң әбден жүйкесiн жұқартты.
“Еуропалықтар” еуроинтег­рация­ның Украина үшiн де, Ресей үшiн де тиiмдi боларын айта бастағаны сол едi, Путин мырс еттi де, украиндердiң “күнәсi” туралы жорғалата жөнелдi. “Сiздердiң БАҚ мұны көрсетпейдi, ал бiз бәрiн көрiп отырмыз. Батыс Украинада дiни қызметкер Киевке жетiп, үкiметтi талқандауды үндеп жатыр. “Бiздiң үйiмiздi негрлер, москалдар (ук­раиндер орыстарды осылай атайды – ред.) және жидтер (иудейлер) билемес үшiн!” дейдi. Мәселен, Грекия мен Кипрдегi дағдарыс кезiнде бiздiң сыртқы iстер минис­трi­мiз топ арасында антиеуропалық үндеу жасап жүрсе, не болар едi? Осыны неге ойламаймыз? Украина мәселесiне ешкiм араласпасын, бiз де араласпаймыз”, – деп өрше­лендi Путин.
“Араласпаймыз” дегендi бер жағымен ғана айтып тұр. Әйтпесе, Еуромайданда ресейлiк арандатушылар толып жүр. Тiптi “шерушi­лерге оқ атқызып жатқан – ресей­лiк жалдамалылар” деген әңгiме бар. Путин әдетiнше тiзеге салып, нендей әрекет жасаса да, Украина Еуропаға қарап ұлып тұр…

erik_r@bk.ru
Ерiк РАХЫМ
http://zhasalash.kz/

Рубрика: