Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина премьер-министрінің орынбасары Сергей Арбузов Киевтің таяуда Еуропа одағымен (ЕО) ассоциация келісіміне қол қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 12 желтоқсанда Брюссельде ЕО сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Штефан Фюлемен кездескеннен кейін мәлімдеді.

Арбузовтың айтуынша, Украина келісімге қол қоймас бұрын Брюссель мен Киев бір талқылап алатын біраз «экономикалық түйткілдер» бар.

Арбузов пен Фюле бұған қоса ЕО мен Украина келісімге қол қоюдың жол картасын жасайтынын, ЕО Украинаға Халықаралық валюта қоры арқылы қаржылық көмек көрсететінін және екі жақ арасында кеңесулер жалғаса беретінін айтты.

Бұған дейін ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Украина президенті Виктор Янукович келісімге қол қоюға «әлі де ынталы екенін білдіргенін» айтқан.

Ресми Киевтің ЕО-мен еркін сауда және саяси ассоциация туралыкелісімнен бас тартып, оның орнына Ресеймен экономикалық байланыстарды нығайтатыны туралы қарашадағы шешімі Украинада халық наразылығын тудырған еді.

http://www.azattyq.org

 

Рубрика: