Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина билігі 72-моторлы бригада сарбаздарының Ресей территориясына өтіп кеткенін растады. Украинаның шығысындағы арнайы операция өкілі Алексей Дмитрашковскийдің айтуынша, ресейшіл сепаратистермен ұрыс кезінде бригада сарбаздарының оқ-дәрісі таусылып, шегінуге мәжбүр болған. Ресей территориясына нақты қанша сарбаздың өтіп кеткені қазір анықталып жатыр.

Бұған дейін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара басқармасы украиналық 400-ден аса сарбаздың Ресей жағына өтіп кетіп, пана сұрағанын хабарлаған.

Шекара басқармасының Ростов облыстық бөлімінің баспасөз хатшысы Василий Малаевтың айтуынша, сарбаздар украин жағына тапсырылу үшін «Матвеев қорғаны» өткізу бекетіне жөнелтілмек.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140804/330/330.html?id=25480172

Рубрика: