Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

B767E5A8-AA96-4C62-843C-B167A2D101F0_w640_r1_s_cx0_cy8_cw0Украина Президенті Виктор Янукович елде Еуропа одағымен интеграцияны талап еткен демонстрациялар кезінде ұсталғандардың барлығына рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды «31» телеарна. Рақымшылық демонстрациялар басталған 21 қарашадан бері ұсталғандардың барлығына бірдей қолданылады. Ұсталғандар босатылып, істері жабылуы тиіс. Қарашаның ортасында Украина үкіметінің Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюға дайындықтан бас тартып, Ресеймен байланысын нығайтатыны туралы шешімінен соң елде жаппай наразылық акциялары басталған. Акцияларға жүз мыңдаған адам қатысты.
Өткен аптада ғана Янукович Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, қаржылай көмек алу және ресейлік газ бағасын арзандатуға келіскен.

«Әттең!» деп тіліңді тістейсің осындайда. «Жаңаөзендіктер» әлі жатыр түрменің түбінде шіріп.

Masa.kz

 

 

Рубрика: