Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кеше ел Үкіметі 2020 жылға дейінгі ҚР Мемле­кет­тік жастар саясаты тұ­жы­рымдамасының жо­ба­сын мақұлдады. Ми­нистр Бақытжан Жұ­мағұловтың сөзіне сенсек, осы­дан бастап мемлекет жастар­дың бар­лы­ғына бірдей жағдай жа­сайд­ы. Бірақ ол мүмкін­дік­ті қалт жібермей, тиімді пайда­ла­на білу ке­рек. Ал жастар ұйымдары «ұран­шыл» бастамаларын қо­йып, нақты іске кірісуі шарт.

Үкімет мүшелері алдында баяндама жасаған Б.Жұмағұлов мырза атап көрсет­кендей, бұл құжат әлеуметтік саясаттың жаңа принциптеріне, яғни мемлекет ұсынған мүмкіндіктерге ғана емес, әр аза­маттың жеке жауапкершілігіне негізделген. «Мемлекет жастарды жұмысқа орналас­ты­руға, оларды оқытуға және қайта даяр­лау­ға, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге, жол жүру мен тамақтануға субсидия бөлуге бағытталған шаралар қабылдайды. Бұл ретте, мемлекеттің басты міндеті – жастардың бастамаларына қолдау көрсету, өз мақсаттарына жету үшін мүмкіндік беру. Ал жастардың міндеті – берілген мүмкін­дік­терді дұрыс пайдалана білу», – дейді министр. Оны прагматизм арқылы іске асыру жоспарланған. Бұл дегеніміз жастар саясатындағы әрбір салым қайтарымды және пайдалы болуы шарт. Ағымдағы жы­лы жастар саясатын іске асыруға рес­пуб­ликалық бюджетте 1,5 млрд теңге, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 590 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ жергілікті бюджеттерден 2 млрд теңге, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойын­ша 940 млн теңге бөлінбек. Мұның бәрі әлеу­меттік маңызы бар жобаларды көптеп іске асыруға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, жаңа тұжырым­даманың негізгі ерекшелігі – ол білім алып жүрген жастарды ғана емес, жұмыс істей­тін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыс­сыз, маргиналды және тағы басқа жастар топтарын қамтиды. Бүгінде ол үшін қала мен аудан орталықтарында ресурстық ор­та­лықтар құрылуда, ал ауылдық жер­лер­де жастармен жұмыс істейтін инструкторлар болады. Осының арқасында жастармен тіке­лей жұмыс жасауға мүмкіндік бар. «Қазір­дің өзінде жастар саясатының жаңа инфрақұрылымы қалыптасып келеді. Жас­тар ісі комитеттері, аймақтарда тиісті басқармалар құрылды. Жастар саясаты бойынша аймақтық кеңестерді әкімдер тікелей өздері басқарады. Басты бағыт – жастар ұйымдарын шоғырландыру. Қазіргі уақытта олардың саны 1000-нан асады. Біз олардың негізгілерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жастар саясатын жүргізуде басты рөл «Жас Ұлан» балалар мен жасөс­пірімдер ұйымына беріледі. Біз 2020 жылға дейін 11 Республикалық жастар ұйы­мын дамыту стратегиясын әзірледік. Енді олардың филиалдық желілерін дамы­татын боламыз. Сонымен қатар аймақтық ұйымдарға қолдау көрсетіп, жастардың әлеуметтік бағдарламалар мен мем­лекеттік тапсырыстарға қатысуына жағдай жасай­мыз», – деп атап көрсетті Б.Жұмағұл­ов.

Жалпы, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын екі кезең бойынша іске асыру жоспарланған. Олар – 2013-2015 және 2015-2020 жылдар. Болжамға сәй­кес, тұжырымдаманы іске асырудың бірін­ші кезеңінде ведомствоаралық өзара бай­ланыс­тың тиімді моделі қалыптасады. Ол жастардың проблемасын шешуде бар­лық мемлекеттік органдардың, корпора­тивті секторлар мен азаматтық қоғам инсти­туттарының күшін біріктіруге мүмкін­дік бермек. Жастармен жұмыс жасау міндеті бар­лық мемлекеттік органдардың страте­гия­лық жоспарларына енгізіледі. Тұжырым­даманы табысты іске асыру үшін мүдделі мем­лекеттік органдармен бірлесіп іс-шара­лар жоспары әзірленіп жатыр. Ол да Үкімет­тің талқылауына енгізілетін бола­ды.

Автор: Арман АСҚАР

http://alashainasy.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рубрика: