Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Үкімет пен ұлттық банк Қазақстан экономикасын дамыту үшін «2015 жылға арналған негізі экономикалық бағыттар» туралы мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде Украинадағы дағдарыс пен Ресейдің Қырымды өз қарамағына қосуынан елде экспорт пен импорт азайғаны айтылған. Бірақ, үкіметтің мәлімдеуінше, Қазақстанның экономикалық өсуі 11 айдың ішінде 4,2 пайызды құраған.

Үкімет пен ұлттық банк жаңа жылда дағдарыстың алдын алып, доллардың теңгеге шаққан бағамын ұстап тұруға арналған шаралар ұйымдастыратынын жариялады. ​

Сондай-ақ мәлімдедемеде алдағы уақытта салымшылардың депозиттері бойынша кепілді төлемдерінің құнын 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге көтеруді де жоспарлағаны айтылған.

Үкімет тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлемдерін «шартты бірлікпен» өлшеуге де тыйым салу жағын да қарастырып жатқанын айтады. Қазақстандағы жеке және коммерциялық жарнамаларда «шартты бірлік» ретінде доллар көрсетіледі.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141224/330/330.html?id=26760783

Рубрика: