Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ааЭмир Байғазиннің бұған дейін әлемдік деңгейдегі бірнеше байқаудың жүлдегері атанып үлгерген «Үйлесім сабақтары» атты фильмі бұл күндері Сахалинде өтіп жатқан Халықаралық «Край света» фестивалінің бас жүлдесі үшін бақ сынауда.

Фестивальдың конкурстық бағдарла­масына «Үйлесім сабақтарынан» басқа, «Географ глобусты «ішіп қойды» (Ресей), «Ұзақ та бақытты өмір» (Ресей), «Әкені тәнті ету» (Жапония), «Хэвон – ешкімнің қызы емес» (Оңтүстік Корея), «Ән салатын караоке» (Таиланд – АҚШ), «Сенімен бірге және сенсіз» (Шри-Ланка), «Құбыр» (Ресей), «Сенің құрсағың» (Филиппин) картиналары да үміткер ретінде қатысып жатыр.

Эмир Байғазиннің айтуынша, «Үйлесім сабақтары» бүгінгі Қазақстан қоғамын­дағы бір мысалға негізделген. Фильм әжесімен бірге ауылда тұратын Аслан есімді жасөспірімнің өміріндегі оқиғаны баяндайды. Аслан мектептегі зорлық-зомбылықпен күн сайын бетпе-бет келеді. Осындай жағдайда жасөспірім басқа құрдастары секілді қатыгездік жолын таңдай ма әлде оның жан-дүниесі басқа­лардан бөлек пе? Осы жағынан алғанда, бұл фильмді кез келген адамның алдынан шығатын таңдау құқы туралы деуге болады. Өз-өзіне деген сенімсіздік жанын жегідей жеген жас бала тазалыққа және мінсіздікке ұмтылады, сонымен бірге маңайында болып жатқан нәрселердің бәрін қалт жібер­меуге, назарында ұстауға тырысады. Осы бір ішкі жайсыздық, мазасыздық түптің түбінде шиеленісті жағдайларға әке­ліп соқтырмай қоймайды.

Жас режиссердің бүгінгі күн кейіпкерінің қарама-қайшылыққа толы күрделі бол­мыс-бітімін барынша ашып көрсетуге тырысқан бұл картинасын әлемдік деңгей­дегі кино мамандары, сыншылар жоғары бағалап үлгерді. Соның нәтижесінде фильм айтулы халықаралық шараларда бірқатар жүлдені иеленді де. Тіпті бұл дебюттік картина Қазақстан киносы тари­хын­да тұңғыш рет Берлин кино­фестивалінің конкурстық негізгі бағдар­ламасына ірік­теліп алынып, үздік опера­торлық жұ­мысы үшін «Күміс аю» мен неміс ба­сы­лымы «Моргенпосттың» ар­найы сыйлығын еншіледі. Сондай-ақ «Трайбек» кино­фес­тивалінде «Үздік жас режиссер» номи­нациясы бойынша «Әділ­қазылардың ар­найы дипломын» және Базельде өткен халықаралық фестивальдың гран-при жүлдесін қанжығаға байлады.

23 тамызда шымылдығы түрілген Сахалин фестивалінде топжарғандар есімі байқаудың соңғы күні, яғни 30 тамызда белгілі болады. Кинобайқаудың бас жүлдесі 1 миллион рубль (30 мың доллар). Сондай-ақ фестивальға қатысу­шыларға үздік режиссура, үздік ер адам рөлі, үздік әйел адам рөлі үшін номи­нацияларының жүлдесі және фестиваль­дың құрметті президенті Алла Сури­кованың сыйлығы тапсырылады.

http://alashainasy.kz

Рубрика: