Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әйгілі суретші Пикассоның «Ұйқы» атты туындысы 155 миллион АҚШ долларына сатылды. Бұл баға қымбатты көркемөнер туындысын жинаушыларды қайран қалдырды. Сатып алушы Америка Hedge қоғамдық қорының директоры Стивен Коэн.

Теңдессіз жауһар деп бағаланған бұл суретте бұдан бұрын Лас-Вегастың құмар ойындар шонжары Стив Вонның иелігінде болған екен.

Ал АҚШ ақпарат өкілдерінің айтуынша, бұл сурет Америка тарихында сақталған жадігерлік көркемөнер туындылары ішіндегі ең қымбат бағалы сурет болып қалған.

Суретті сатып алушы Стивен Коэн

Бұл суретті сатушы мен сатып алушының екеуі де бағалы тарихи сурет әуескерлері. Бұл сауда барысында, осы суретке байланысты көптеген талас-тартыстар болған. Ал суретті сатушы Стив Вон 2006 жылы бұл саудаға келісім берген. Алғашқы келісілген баға 139 миллион АҚШ доллары болған. Алайда ойламаған жерден сурет сызылған бұлды зақымдап алғандықтан, келісілген сауданың соңы талас-тартысқа созылған. Алты жылға жалғасқан бұл тартыс суреттің бағасын тіпті де арттырып жіберген секілді. Жуықта, сурет ақыры 155 миллион АҚШ долларлық құнымен Стивен Коэнға тәуелді болды.

«Түс»

Бұл сурет 1932 жылы сызылған. Суреттегі кейіпкер Пикассоның сүйген әйелі делінеді.

 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

 

http://massaget.kz

Рубрика: