Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 7 наурыз. BAQ.KZ – Уго Чавестің өлімін АҚШ-тың арнайы жасағы ұйымдастыруы мүмкін. Кейбір сарапшылар мен Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуро осындай пікірде.Айтуларынша, АҚШ тарапы Чавеске қатерлі ісік вирусын қолдан жұқтыруы мүмкін.

Президент өлімін тергеу мақсатында Венесуэла билігі бүгінде АҚШ-тың мемлекеттік органына «елде Венесуэла көсемін улау туралы мәселе қаралған-қаралмағандығы» туралы сұрау жіберді.
Күдік туғызып отырған негізгі жайт – латынамерикандық солшыл елбасшылардың бірінен соң бірінің ракпен ауыратындығы және біразының осы аурудан қайтыс болғандығы. Атап айтар болсақ, Аргентинаның бұрынғы президенті Нестор Киршнер (тоқ ішек рагынан көз жұмған), Бразилия президенті Дилма Русеф (қатерлі ісікпен күресуде), оның ізбасары Луис Инасиу Лула да Силва (тамақ рагы), Куба көсемі Фидель Кастро (асқазан рагы), Боливия президенті Эво Моралес (мұрын рагы), Парагвай президенті Фернандо Луго және кеше көз жұмған Уго Чавес.
«Жоғарыда аты аталған президенттердің ракпен ауыруын АҚШ билігі қолдан ұйымдастыруы мүмкін. Кастро маған үнемі: «Чавес, байқа! Бұлар ауру жұқтыратын технологияны ойлап тапқан… Сен аңғалсың. Ішіп-жеген ас-суыңды байқа, кіп-кішкентай бір ине бүкіл тағдырыңды шешуі мүмкін» деп айтып отырушы еді» дейтін Венесуэла президенті.

 

http://www.baq.kz/news/24385

Рубрика: