Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Фото-с-сайта-klenlist.kz_Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-8 маусым аралығында өткізіледі. ҰБТ-ның дайындығын ҚР Президент Әкімшілігі мен ҚР Премьер-министрдің кеңсесі бақылауына алған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰБТ-ны өткізу тәртібі 13 сәуірде ҚР Премьер-министрінің орынбасарымен өткен жиналыста және 19 мамырдағы ҚР Үкіметінің отырысында қарастырылған.

Қазіргі күні Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік комиссиямен бірлесіп ҰБТ өтетін орындарды тексеріп, түлектердің алаңсыз емтихан тапсыруына барлық жағдайды жасап бағуда. ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары сала министрлігінің апталық аппараттық жиналысында қарастырылады.

Орталық талаптарына сай, тестілеу кезінде болатын даулы мәселелерге, сондай-ақ ҰБТ өтетін уақыт аралығында қатысушылардың құқықтарын қорғау бойынша, барлық тестілеу бекеттерінде аппеляциялық сұрақтарды қарастыратын республикалық комиссия мен аппеляциялық комиссия жасақталады. Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ барысында келіп түскен шағымдарға жедел түрде жауап беру мақсатында үйлестіру штабы орнатылады. ҚР БҒМ жанында Республикалық штаб өз жұмысын атқаратын болады.

Айта кетейік, биыл ҰБТ-ға 87 782 оқушы өтініш берген. Яғни, ҰБТ қатысушылары жалпы бітіруші түлектердің 71 пайызын құрайды. Олардың ішінде қазақ тілінде тапсыратындар саны – 62 384, орыс тілінде – 25 398. Жалпы еліміз бойынша ҰБТ 165 орында өтеді. Оның 116-сы аудан орталықтарында, 49-ы Астана және Алматы қаладарының жоғары оқу орындарының орталықтарында орналасқан.

Ләззат Кемелбаева, aynaline.kz

Фото с сайта klenlist.kz


Рубрика: