Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 2 наурыз. BAQ.KZ — Адамның қартая бастаған шағында пессимист болуы оның өмірін ұзарта түспек. Германияның Эрланген – Нюрнберг университетінің ғалымдары 400 мың адамның мәліметтеріне талдау жасап, осындай қорытынды шығарды, деп жазады Алаш айнасы.
Science20.com порталының хабар­лауынша, ғалымдардың зерттеуі 1993-2003 жылдардағы мәліметтерді қамтиды. Бақылауға алынғандар ара­сында 18-дегі жас та, 96-дағы кәрі де бар. Респонденттерден алдағы бес жылға көзқарасы туралы сауалнама да алынды. Зерттеудің нәтижесінде 65-тен асқандардың 43%-ы өз мүмкін­діктері мен келешек жоспарларын жоғары бағаламайтыны белгілі болды. Ал 32%-ы өз мүмкіндіктерін асыра бағалаған. Бірақ бұл соңғы топтың арасында оптимист бола тұра, денсаулығына немқұрайды қарайтындар көп болып шықты. Тіпті көбі ауыр науқасқа шалдығып, кейбірі өмірден өтіп те кеткен. Ғалымдар пессимист қариялардың өз денсаулығына, керісінше асқан жауапкершілікпен қарайтынын анықтады.

 

http://www.baq.kz/news/24129

Рубрика: