Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

daАйырқалпақты қырғыз тағы шала бүлінді. Ши «Құмтөр» деген алтын кенішінен шықты. Кеніштің 100 пайыздық акциясы канадалық Centerra Gold компаниясына тиесілі. Ал оны жергілікті тұрғындар мемлекет меншігіне алуды талап етті.
Сондай-ақ компания жолдарды жөндеп, мектеп, балабақшалар салуды, тұрмысы төмен жандарды жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді, 8-10 жылға 5 пайыздық несиелер беруді сұрады.
Өкініштісі, жергілікті елдің та­лабын елеп-ескерген ешкім бол­ма­ды. Қақтығыс содан туды. Биліктің тірлігіне ырза болмаған жұрт Ыс­тықкөл жағасында орналасқан электр стансасын басып алып, жа­рықты сөндірді. «Құмтөр» алтын кеніші, сол маңдағы 50 мыңға жуық қауым, қытай-қырғыз шекарасын­дағы бірнеше застава жарықсыз қалды. Ыстықкөлде басталған дау сол жермен шектеліп қалмады. Оларды оңтүстіктегі оппозиция өкіл­дері қолдап шықты. Жалал-Абад облыстық әкімшілік ғима­ратын басып алды. Тіпті Жалал-Абад облысындағы «Ата Жұрт» пар­тиясының үйлестірушісі Медет Үсеновті «халық губернаторы» деп сайлап та жіберді. Осылайша қыр­ғыз елінің оңтүстігі бір толқып қал­ған. Шерушілермен полиция ара­сында болған қақтығыстан онда­ған адам жараланды.
Ел премьер-министрі келіп, ше­рушілердің арыз-талабын тыңдады. Басу айтты. Аймақта төтенше жағ­дай жарияланды. Премьердің ай­туын­ша, алдағы уақытта «Құмтөрде» жаңа кәсіпорын құрылып, ол елдің пайдасына жұмыс істейтін көрі­не­-ді. Осыдан кейін ғана қызуқанды қырғыз халқы сәл сабыр еткендей болған. Дегенмен базбір сарап­шылар «бұл үшінші бір елдің айтақ­тауымен болған дүние. 2014 жылы елде тұрған АҚШ-тың әскери база­сын жауып, елден шығарамын деген президент Атамбаевтың айтқа­ны-­на қарсы істеп отырған Ақ үйдің әрекеті» десе, екінші біреулері «Құм­төрде» болған оқиға жоғары­дан жасалған нұсқау. Олар канада­лық компаниядан алтын кенішін тартып алып, Қытай компаниясына бермек» дегенді айтады. Кім біл­сін?
Қырғыз елі өстіп бүлініп жат­қанда, түркі жұртының тағы бір тар­мағы саналатын Түркияда күт­пеген оқиға болып, арты халықтың жаппай шеруге шығуына, премьер — министр Режеп Тайып Ердоғанның отстав­каға кетуін талап етуге ұлас­ты. Дау­дың басы, Ыстамбұл қала­сының ортасындағы жасылбақты кесіп, орнына сауда орталығын са­ламыз дегеннен шықты. Басында елеусіз басталған шерудің соңы тек сая­бақ­пен шектеліп қалған жоқ. Ердоғанға қарсы топ осыны желеу етіп, Ыс­тамбұлда, Анкарада және өзге де қалаларда шеру ұйым­дас­тыр­ды. Полиция көзден жас ағыза­тын газ қолданып, шерушілерді та­ратпақ болған. Бірақ полицейлер­дің қатаң жазалау шарасы жұртты ашын­дырды. Осыдан келіп қақты­ғыстың шеңбері кеңейе берді. Бұған бір беткей премьер көне ме, көнбей ме, әзірге белгісіз. Мысыр астанасы Каирде шерушілердің жиналатын орталығы Тахрир алаңы болса, Ыс­там­бұлда ол Таксим алаңы болуда. Билікке наразы топ Анкарада Үкімет үйін қоршаса, Ыстамбұлда Әділет және даму партиясының мекеніне шабуыл жасады. Шерушілердің негізгі талабы, биліктің орнынан кетуі. Алдағы уақытта жағдай қалай шешіледі, ол жағы тұманды болып тұр.

 

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: