Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 19 ақпан. Baq.kz — Ата-бабаларымыз ұстанған хақ дінімізді түрлі ағымдармен бөлшектеп, елді адастыруға жол бермеуіміз керек. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өкілдерімен болған кездесуде осылай деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

 

«Хақ дініміз – ислам» өсіп, өркен жая берсін. Еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Кейбір жастардың бізге жат неше түрлі шетелдік уағызшыларға еліктейтіні байқалады. Ата-бабаларымыз ұстанған хақ дінімізді түрлі ағымдармен бөлшектеп, елді адастыруға жол бермеуіміз керек», — деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа Бас мүфтиі болып ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бұрынғы өкіл имамы Ержан Маямеров сайланды.
http://baq.kz/news/23507

Рубрика: