Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

e39b64f94224c5f16c1b0286a3b517deТүркияда қайтадан үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр. Ыстамбұл, Анкара, Измир, Антакие және елді басқа қалаларында наразы жұрт көшеге шыққан, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасай отырып.

Қарсылық акциясына шыққандар Антакиеде оппозициялық шеруді ұйымдастырушылардың бірі Ахмет Атаканның өліміне наразы болып отыр. Шеруге шыққандар оның өліміне полицияны айыптаса, құқық қорғау органдары жігіт төбеден өзі құлап кеткен, деп отыр. Кей қалалардағы қарсылық акциясы барысында жұрт полициямен қақтығысып қалған. Измир, Антакие мен Қатайдағы демонстранттарға қарсы полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, суық сумен атқылаған.

Естеріңізге сала кетсек, маусым айында елде үкіметке қарсы наразылық шеруі өткен. Қарсылық акциясы биліктің Ыстамбұлдағы Гези саябағының орнына сауда орталығын салу жөніндегі шешіміне қарсы бағытталған. Шеру кезіндегі қақтығыста 5 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алған.


 

http://bnews.kz/kk/news/post/158281/

Рубрика: