АЛТЫНОРДА
Иносми

Түркия “Түркі әлемінің ортақ армиясын” жасақтауды ұсынды

turkeyЖақында Түкрия Республикасы бүкіл түркі мемлекеттерінің ортақ армиясын құру туралы бастаманы ұсынған болатын. Түркі мемлекеттерінің ортақ армиясы — бұл бір орталықтан басқарылатын әскери күш болары сөзсіз еді. Осы ретте, Түкрияның Әзірбайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Алпер Джошкун түркі әлеміне ортақ армия құрудың негізгі өзектілігін түсіндіріп берген.
Кей-кейде халықаралық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері арасында Түркі әлеміне ортақ армия жасақтаудың маңыздызы мен қажеттілігі туралы еміс-еміс сөз етіліп жүргенімен, түркі әлемі лидерлері тарапынан нақты мәселе көтерілмеген болатын.
Елші мырзаның айтуынша, мұндай армия жасақтау біраз қиыншылық туғызады. Себебі, армия қатарына түрлі мемлекеттердің әскерлері қосылады. Түркі тілдес мемлекеттер үшін армия жасақтаудың басты кедергісі бір орталықтан басқарылу болмақ.
«Біз ортақ армияны жасақтағанда мысалға НАТО-ны алып қарастырсақ болады. Сырт көзге қарасаңыз НАТО-ға мүше елдердің ортақ армия бар болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде мүлде олай емес. Қандайда бір шаралар туындай қалса, Солтүстік Атлантка альянсы кеңесі шешімін шығарып, НАТО-ға қатысушы елдер әскерлерін жинап, жасақтап, бір орталықтан аттандыруға әрекет етеді. Ал бұл біраз уақытты алатын шаруа. Қандайда бір операцияға қатысу үшін НАТО-ға мүше елдер кеңесіне барлық мүше елдер қатысуы шарт»,-дейді Аплеп Джошкун мырза.
Сонымен, Түркі әлеміне ортақ армия жасақтау үшін маңызды территориялық басымдық. Түркі тілдес мемлекеттердің геосаяси тұрақтанған мекендері стратегиялық маңызды жерде орналасқан. Халықтардың дамуы мен тіршілік етуіне географиялық және экономикалық потенциалды мүмкіндік бар. Ендеше, не?..
6lrLzdGXvo0
Елші мырза атап көрсеткендей әлемдік саясат сахнасына түркі әлемі интеграциясы (ТӘИ)болып қадам басатын уақыт жеткен жоқ па?
Елші Алпер Джошкунның айтуынша, Түркі мемлекеттерінің интеграциясында бір мемлекет инфраструктураның дамуына жауапты болса, енді бірі мәдениет, түркі әлемінің жаңа тарихы, саяси байланыстар мен жаңа тарихтағы популяризацияға жауапты болады. Яғни, Гаспралы айтқан, істе, тілде және пікірде бірлік қағидасына сүйенуге әбден болмақ.
«Әрине, мұның бәрінің сыртында мемлекеттер арасындағы татулық пен тұрақтылықты назардан шығаруға болмайды. Түркі әлемінің тұрақтылығын сақтау үшін түркі мемлекеттері арасында ортақ диалог орнауы шарт. Мысалы, Түкрия мен Әзірбайжан арасында мұндай диалог орнағалы бірнеше уақыт болды. Бұл бүкіл түркі тілдес елдердің ортасында орнауы маңызды болмақ»,-дейді ешлі мырза.
Айтпақшы, Түркия Республикасының түркі әлемінің ортақ армиясын жасақтау туралы бастамасын алғаш болып қолдаған ел дәл осы Әзірбайжан мемлекеті еді.
Елшінің айтуынша, ортақ армия жасақтаудың алғашқы қадамдарының көрінісі — Әзірбайжан мен Түкрия арасында бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасында да әскери ынтымақтастықтың күн санап артып келе жатқаны қуантады. Күні кеше ғана, Астанада өткен Түркия құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бас қолбасшысының арасындағы кездесулер барысында екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты арттыру, бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастыру секілді бірқатар мәселелер талқыланған болатын.
Қазіргі таңда Түркі тілдес мемлекеттердің біріне де территориалық немесе геосаяси қысымның жоқ екені рас. Алайда, белгілі бір деңгейде тәуекелдердің бар екені жалған емес. Осындай кезеңдерде түркі тілдес мемлекеттер әскер және саяси тұрғыдан бірігетін болса, ортақ армия интеграцияға мүше елдердің әр қайсысының мүддесін қолдайтын еді.
Түркі тілдес мемлекеттердің әскери түрғыдан интергациясы болмағанымен, саясаи тұрғыдан мүдделес әрі серіктес мемлекеттер болып табылады.
Түркі әлемінің ортақ армиясы жобасының аналогы ретінде НАТО-ны алып қарауға болады.
«НАТО-ға мүше елдердің сыртында бірқатар мемлекеттер бақылаушы-мүше ретінде альянсқа өткен. Бұл әлемдік саясатта өте маңызды. Түркі армиясының одағына да бақылаушы елдер ретінде қатысуға мүмкіндіктер ашуға болады»,-дейді сөзінің соңында Елші Алпер Джошкун мырза.
2013 жылы Әэірбайжан астанасы Бакуде Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан Еуразия Әскери Статусының сақталуын қамтамасыз ететін Заңға қол қойған болатын. Кейіннен бұл үштікке Қазақстан мен Моңғолия да қатысады деп күтілген. Бұл туралы «Zaman.com.tr» сайты жазған еді.
Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Моңғолия арасындағы «Еуразиялық Құқық Қорғау Әскери Статусы» Ұйымын құруға бағытталған шаралар ақырғы кезеңге жетті. Ол кезде шараға келеді деп күтілген Қазақстан мен Моңғолия келмей қалды. Бұл жолы ортақ армия жасақтауды алғаш болып Түкрия Республикасы ұсынып отыр және бастаманы қолдаушылардың алғашқысы сол, әзірбайжан ағайындар болып отыр.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
«Қамшы» сілтейді