Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркияның Дін министрлігі мүфтилер жүйесінің жаңа үлгісін әзірледі. Бұдан былай имамдарға басқаша талаптар қойылып, мешіттердің қоғамдағы рөлін аттыру жоспарлануда. Бұл жайында haber7.com хабар таратты.

Ендігі жерде имамдардың Құранды жаттап алуы жеткіліксіз болады. Бұл жайында Афйонкарахисарда өткен «Провинциалдық мүфтилердің кеңесінде» сөз сөйлеген Дін министрі Мехмет Гермез мәлімдеді.

Оның айтуынша, имам болғысы келген адамның міндетті түрде Имам Хатипа атындағы діни лицейді бітіргендігін куәландыратын аттестаты болуы керек. muslim.kz сайтының жазуынша, бұған қоса, ауылдық елді мекендерде қызмет еткісі келетін имам жоғары білім алғандығы туралы бакалавр дипломына ие болуы қажет. Ал ұлттық мешіттерде имам болғысы келетіндер магистр немесе доктор дәрежесіне қол жеткізуі тиіс. Сондай-ақ, кем дегенде екі шет тілін білуі талап етілетін болды.

Министр Аллаға құлшылық ететін орынның мемлекеттік-бюрократиялық аппаратқа айналмауын қадағалайтынын жеткізді. Осыған байланысты мешітті тек намаз уақыты кіргенде ғана ашу тәртібін өзгертуді көздеп отыр. Бұдан былай кез келген уақытта құлшылық еткісі келетін адамдар үшін мешіттің есігі әрдайым ашық тұратын болды.

«Біз мешітті түрік халқының рухани орталығына айналдыруға күш саламыз», – деді министр сөзінің соңында.

 

http://qogam.kz

Рубрика: