Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қалың қазақтың ата-тегі — түркі емес, Түрік. Мұны ұрпақ құлағына дұрыстап құйып, түрпідей естілетін «түркі» сөзінен біржола арылған жөн. Астанада Түркі мәдениетіне арналған дөңгелек үстелде атақты түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбек осылай, деді. Оның айтуынша, қазіргі түркі санап жүрген туыстас халықтардың бәрі Нұх пайғамбардың Ясеф деген ұлының Түрік деген баласынан тараған. Түрік есімі сонау Күлтегін ескерткішінен де табылады. Талай ғасыр Алтай мен Жайық арасын еркін жайлаған түріктер дүниенің төрт бұрышын билеген. Осман империясының мұрагерлері де сол Ер Түріктің ұрпақтары. Аталған шара қазақ пен түріктің ортақ ойшылы — Қожа Ахмет Иассауи мен Юнус Эмренің мәдени мұрасы хақында өрбіді.

Ғарифолла Есім, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты:
Кейбір адамдар осы екеуін бұра тартатындар бар, бұра тартпау керек. Олар неге ғасырлардан ғасырларға бізге мұра боп жетіп отыр? Ғасырдан ғасырға өткен нәрсе, тегін нәрсе емес, ол асыл нәрсе.

Ибрахим Йылдырым, Ю.Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры:
Екі ортақ аталарымызды, ойшылымызды бірге қосып айтпақпыз. Өйткені, араларында 150 жыл бар. Бірақ, Юнус Эмре Ахмет Иассауидің шәкірті.

 

http://madeniet.kaztrk.kz

Рубрика: