Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркияда әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында ата-аналардың декреттік демалысы ұзартылады. Осыған байланысты әйелдермен қатар, ерлердің де декреттік демалыс алуына мүмкіндік берілмекші. 


muslim.kz сайтының хабар­лауынша, түрік әйелдерінің әлеуметтік белсенділігін артты­ру науқаны аясында әрі әр үйде бала санын кем дегенде үш бала­ға дейін көбейту мақсатында Отба­сы істері және әйелдер саясаты жөніндегі министрлігі аяқ-қо­лын бауырына енді алған аналар­дың өмірін едәуір жеңілдететін жаңа заң жобасын әзірледі. Аталған нормативтік-құқық­тық актінің артықшылығы сон­да, босанғанына екі айдан төрт ай өткенге дейін әйелдердің бала күтіміне қатысты ақы төлене­тін демалыс ұзартылады. Ең бастысы, емшектегі нәрестені қарау үшін ерлерге де демалыс алу құқы­ғы берілмек. Бұл заң жобасы бойын­ша ер-азаматтарға әйелдерімен бірге бір мезгілде демалыс алуына немесе оны кейінге қалдыруына да жағдай жасалған. Емшектегі нәрестесі бар әйелдер жұмысқа шыққаннан кейін, белгілі бір уақыт аралы­ғында жұмыстан кешігуіне де, сондай-ақ жұмыстан ерте ке­туі­не де рұқсат берілген. Сонымен қатар егер жұмысына кедергі келмесе, олардың үйінде оты­рып, жарты ставкамен жұмыс істеуіне де жағдай қарастырылған. Жаңа заң жобасындағы кей­бір өзгерістер жұмыс берушілерге қатысты енгізіледі. 100-150 әйел жұмыс істейтін кәсіпорындар­да міндетті түрде балалар бақша­сы ашылады.

http://www.aikyn.kz

Рубрика: