Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 21 мамыр. Baq.kz «Жұмыс кезінде психологиялық қысым көрсетті және қорқытып-үркітті» деп арызын айтып келетіндердің арасында әйелдерге қарағанда ер-азаматтардың қарасы көп болып шықты. Бұл жайында timeturk.com хабар таратты

Түркияның Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі осыған байланысты есебін жариялады.

Осы мәселе бойынша министрлікке 6 мың 84 адам хабарласқан екен. Олардың 55 пайызы ерлер болса, 45 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар, 67 пайызын жекеше секторларда жұмыс істейтіндер құраса, 33 пайызы – мемлекеттік мекемелерде еңбек ететіндер.

Аталмыш министрліктің басшысы Фарук Челиканың айтуынша, «түрік қоғамында қалыптасқан кейбір әдет-ғұрыптар мен жаңсақ ұғымдарға байланысты біздің әйелдер әділетсіздікке тап болса, іштен тынып, жүре бергенді қолай көреді немесе мәселені елге білдіртпей шешкенді жөн көреді. Ал ер-азаматтар тиісті орындардан көмек сұрағаннан арланбайды».

muslim.kz

Рубрика: