АЛТЫНОРДА
Новости

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі елордада талқыланды

гылымКонференция аясында «Кондоминиум нысандарын басқару бойынша ең үздік ұйым-2013» республикалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Астанада жақында «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы: проблемалары, шешу жолдары мен болашағы» атты III халықаралық конференциясы өтті. Онда ТКШ, энергия үнемдеу, экология мен ТКШ-дағы «жасыл технологиялар», тұрғын үй қатынастарын тиімді басқару, ұйымдастыру, құқықтық және экономикалық аспектілері мәселелері бойынша пікірталастық және пленарлық отырыс болды.

Конференцияда 2010-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру мен «Қуат үнемдеу-2020» бағдарламасының бірігуі аясында бірқатар мәселелер талқыланды.

«Жиынның негізгі мақсаты  — тәжірибе алмасу үшін диалогтық алаң құру, көппәтерлі тұрғын үй қорын терможаңғырту мәселелерін талқылау, тұрғын үй қатынасының даму әдістері мен тиімді механизмдерін құруға жаңа ұсыныстар айту,  біріккен жобалар мен бағдарламаларды талқылау, жаңа технологияларды енгізу мен инвестиция тарту, энерго ресурстарын жинақтау мәселесін шешу құралдарын құру», — дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, конференция барысында ТКШ мен энергияны үнемдеуді жаңғырту, тұрғын үй қатынастарын дамыту мен жетілдіру, ТКШ саласына жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ТКШ жаңғыртудың заңнамалық негізі, ТКШ дамуы мен энергия үнемдеудегі халықаралық жобалар және де 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру құралдары мен жаңа әдістері де жиылғандар назарына ұсынылды.

Конференцияға 600-ден астам мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері, Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары, Халықаралық ұйымдардың, кондоминиум объектісін басқару органы жетекшілері қатысты.

Конференция аясында «Кондоминиум нысандарын басқару бойынша ең үздік ұйым-2013» республикалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті. 1-ші орынды Қарағанды облысынан  «ЖилСоцСервис» ЖШС алды. 2-ші орын Атырау облысынан «Бәйтерек алаңы» ПИК-іне берілді. 3-ші орынды Алматы облысынан «Связист» ПИК-і иеленді. Сондай-ақ, басқа мекемелер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Қ.Жұмағалиұлы

Астана.