АЛТЫНОРДА
Новости

Тунис халқы наразылыққа шықты

434_f6e20befa6577c012069540714d3a4beАстана. 25 тамыз. Baq.kz – Кеше Тунистің Ұлттық ассамблея ғимаратының алдына мыңдаған тұрғын жиналып, исламистік биліктің отставкаға кетуін талап етті. 

Көтеріліске шыққандар «Біз сендерге мүмкіндік бердік, сендердің қолдарыңнан түк келген жоқ, енді кетіңдер» деп ұрандатты.
Оппозиция өкілдері алдағы аптада бұл шеруді одан әрі жалғастырмақ ниетте. Билікке қарсы партияның өкілдері хабарлағандай, ел басқарып отырғандар ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылыққа кепілдік бере алмай отыр.
Бұған дейін Тунис оппозициясы өтпелі үкіметтің қалыптасуына қарсылық танытып, биліктің барлық деңгейінде сайлау жүргізуді талап еткен.
Айта кетейік, тамыз айының басында парламент төрағасы Мұстафа бен Джафар билік оппозициямен саяси дағдарыстан шығу үшін келіссөздер жүргізбесе өз жұмысын тоқтататындығын мәлімдеген болатын. Ал, елдегі парламент сайлауы 17 желтоқсанға белгіленді.
Соңғы уақытта Тунис оппозиционерлерін тапсырыспен өлтіру фактілері жиілеп, елде сергелдең орын алды.