Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_37d089b9d4abd233b84e1419831d47c0Астана. 27 тамыз. Baq.kz-Мәдени мұра – орны толмас аса құнды рухани, мәдени және әлеуметтік қазына.Егемен Қазақстанның бүгінгі өмірі мен оның болашағының жан-жақты дамкуын мәдени мұрасыз елестету мүмкін емес. Түбі бір түркі жұртының басын біріктіретін рухани құндылықтарымызды түгел зерттеп-зерделеу уақыт еншісінде.

Мәселен, «Қорқыта ата кітабы», «Манас», «Алпамыс», «Көрұғылы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Едіге батыр», т.б халық ауыз әдебиеті ескерткіштерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, әзірбайжан, түрік, башқұрт, ұйғыр тілдеріндегі сюжеттік ұқсастықтары олардың әу бастағы тарихи тамырының ортақ екенін білдіреді»,– дейді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Назарбаев Орталығы» ММ қызметкері Ерлан Сайлаубаев.Ғалым, сондай-ақ түркі халықтарының дәстүрлі музыкасындағы сарқылмас сарыннан бір-бірінен бөлек алып қарауға болмайтын тұтастықты, кей жағдайда егіз қозыдай ұқсас болып өрілетін жарасымдықты жалғастықты байқау қиын емес.
Дәулетқали АСАУОВ

 

http://www.baq.kz/kk/news/34573

Рубрика: