Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Соңғы кезде қазақ кинематографы жаңа жанрдағы фильмдермен толығып, күн өткен сайын түрленуде. Әсіресе, фантастика, триллер жанрындағы туындылардың қатары көбейіп келеді. Оларды халық әртүрлі қабылдауда.

Көрерменнің сынына ұшырап жатқандары да аз емес. 2013 жылғы «Еуразия» кино­фес­ти­валінде Гүлнар Әбікеева «Қазақ кино­сы – киноиндустрияға айналып ба­рады» дегенді айтты. Киносыншының пайымдауынша, бүгінде қазақ режис­серлері жанрлық ізденіске көп барып жатыр. Яғни санымен қуантып жүрген қазақ киносы енді жанр өзгешелігімен де ерекшелене түспек.

Расында, осы жылдың басында үл­кен экранға «Фуга» үрейлі фильмі шық­ты. Еркебұлан Жолдасов пен Самат Базыханов түсірген триллерде Әсел Сәдуақасова, Рано Омарова, Дастан Оразбеков сынды актерлер бой көр­сетті. Өкінішке қарай, адам психоло­гия­сында болатын тылсым құбылыс­-тар жайлы баяндайтын бұл фильм жанр ерекшелігімен есте қал­маса, көп көрермен жинай алмады. kino.kz сайтында жарияланған көрер­мендердің сын-пікірлерінен-ақ атал­мыш көркем туынды сценарийінің олқы, сапасының нашар, сәтсіз шыққан дүние болғанын аңғару қиын емес. Десе де, тың жанр­мен таңғалдырғысы келген режис­сер­лердің талпынысын жоққа шығаруға болмас. Еңбек­тері ақталмаса да, олар қазақ көрер­мендерінің назарына өз­геше сипаттағы туынды ұсынып көрді. Енді олар айтыл­ған сыннан сабақ алып, жұмыстарын тоқ­татпай, осындай си­паттағы фильм­дер түсіруді жалғас­тыра түссе, нұр үс­тіне нұр.

Дәл осындай үрейлі картина үлкен экрандардан 3 сәуірден бастап көр­се­тіле бастайды. Бұл – Еркін Рақышевтың «М-Агент» триллері. Аталмыш фильм­нің жарнамасы ғаламторда кеңінен на­си­хатталып-ақ жатыр. Зәуре Көпжа­сарова, Гүлшарат Жұбаева, Жасұлан Молдақұл, Дина Тасболатова сынды таныс та бейтаныс актерлер ойнайтын фильмнің қандай бағаға ие болатыны белгісіз. Десе де, Гүлнар Әбікеева өткен жылғы фестивальде қонақтар назары­на ұсынылған Еркін Рақышевтың бұл жұмысын: «Халық арасында ұлттық сипаттағы мелодрамалар түсірумен танылған режиссер үрейлі фильм тү­сірді» деп ерекше атап өтіп, көпшілікті туындыны тамашалауға шақырған. Сондықтан да «Жаралы сезім», «Же­тімдер» сынды көркем туындылары­-мен танылған киногердің жаңа жанр­дағы жобасын қазақ көрермендері асы­­ға күтуде. Осы күткеніне орай, бұл фильм сәтті шығады деген үміттеміз.

Иә, бұған қарап, «қазақ режи­с­сер­лер триллер түсіре алады» деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Себебі жо­ғарыда аты аталған бір-екі картина бұл жанрдың тағдырын шешуде аздық етеді. Әйткенмен қазақ режиссер­ле­рінің триллер төңірегінде талпыныс жасап жатқаны көңіл қуантады. Уақыт өте келе, қазақ киносының бұл саласы да көш түзер деген үміт те жоқ емес.

Еркін РАҚЫШЕВ, режиссер: 

– Бүгінгі таңда қазақ киносы ақы­рындап дамып келеді. Яғни саны ғана өсіп жатқан жоқ, сонымен бірге сапасы да түзеле бастады. Бағыты өзгеріп, жанрлық сипаты күн өткен сайын түр­ленуде. Мен де өзімді тың жанрда сы­нап көрмек болып, «М Агент» фильмін түсірдім. Қорқынышты жанрдағы бұл туынды тек үрейлендіріп қана қоймай, адамға үлкен ой салады. Біріншіден, кинотуынды сюжетінің астарында «біреуге қиянат жасасаң, бәрібір ал­дың­нан шығады» деген қағида жатыр. Ал екінші мәселе – ғаламторға тәуел­ділік. Бүгінде ғаламторды жастары­-

мыз бей-берекет пайдаланып жатыр. Фильмде мұның соңы жақсылыққа апармайтыны баяндалады. Сондай-ақ бұл туындының шетелдік қорқыныш-ты фильмдерден бір ерекшелігі – оқи­ға соңында жұрттың үрейін алып жүр­ген елес қызға көрерменнің жаны ашып, көзіне жас алғызады. Яғни бұл кино­туындының басты мақсаты – қорқыту емес, адамдарды ойландыру.

Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ

http://www.aikyn.kz/articles/view/45936

Рубрика: