АЛТЫНОРДА
Новости

Тренд: Шешілмелі жаға

Соңғы кезде үлкен танымалдыққа ие болған, қазірде өте сәнді саналатыншешілмелі жаға әр сәнқой қызда болуы керек. «Ол қандай киіммен жарасады?», «Ол менің стиліме үйлесе ме?» сынды сұрақтарға жауап берейік.

Бұндай аксессуарды жағасы биік жемпірмен, көйлек, жейделерменкиюге болады. Бұл бейнеңізге ерекшелік қосады.

Кеңседе жұмыс істейтіндерге аруларға шешілмелі жаға — көпшіліктің арасынан бөлініп көрінудің амалы. Мысалы, оны бір түсті мойынды түгелімен жабатын жағалы жемпірмен киюге болады. Немесе түрлі жейделермен ауыстырып кисе болады.

Шешілмелі жағалар матадан не тіпті металдан жасалуы мүмкін. Ол тастармен әшекейленіп, бейнеңіздегі ең сәнді затқа айнала алады.

Мұндай жағалар көйлекпен де жақсы үйлеседі. Көйлектің өз жағасы болмай тұра, оның алды тым ашық болса да, жаға киіп көріңіз. Нәтижесі ерекше, бірақ өте сәнді.

Шешілмелі жағаларға қатысты мынандай ереже бар: жаға мен киіміңіздің түстері бір-біріне кереғар болуы керек. Сол жағдайда ғана ол киімнің бөлігі емес, өзіндік ерекше аксессуар болып көрінеді.

Әдемілігі мен сәндігіне қоса, мұндай жағалар өте әмбебап. Оларды кез келген кезде шешіп, қайта таға аласыз. Мысалға күнделікті көйлектің үстіне тағып, кешкі, салтанатты келбетке қол жеткізесіз.

Тастармен, әсіресе үлкен тастармен әшекейленген жағалар өте салтанатты көрінеді. Сондықтан бұндай түрлерін кешкі отырыстарға қалдырыңыз.

2-3 жаға сатып (немесе жасап) алып, сіз қарапайым сұлу қыздан талғамы нәзік сәнқой аруға айналасыз.

Дайындаған: Сания Аринова

 

http://massaget.kz