Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

636262485
Астана. 28 қазан. Baq.kz – Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің 350 жылдығына арналған «Төле би – төбе биім тірегім» жастарға арналған көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты қоғам қайраткері Төле бидің 350 жылдығын кеңінен атап өту, оның даналық, шешендік сөздерін жастардың бойына сіңіру арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Тіл мәдениетін дамыту, талантты көркемсөз оқу шеберлерін анықтау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға еліміздің Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарынан – 12, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 10 үміткер қатысты.

Үміткерлер Төле бидің шешендік сөздерін, Төле биге арналған өлеңдерді, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек биге арналған шығармалардан, драмалық қойылымдардан монолог оқу талаптары бойынша сайысқа түсті.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің ұсынған шығармаларының көркемдік дәрежесіне, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, киім мен сахна мәдениетіне баса назар аударды. Қорытындысы бойынша Бас жүлдені төлебилік Өрісбай Қарлығаш иеленді, І-орынға Жамбыл облысынан келген Мергенбаева Жадыра лайық деп танылса, екі екінші орынды оңтүстікқазақстандық Дәулетжанов Бақытжан, Әлімқұлова Замира жеңіп алды, ал үш үшінші орынға ақтөбелік Қоңырбаева Айзада, қостанайлық Нұрмұхамед Серікбаев, оңтүстікқазақстандық Өсербаев Жандос лайық деп танылды.

http://baq.kz/kk/news/38114

Рубрика: