Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Күн мен түн теңелетін, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл әз-Наурызға да келіп жеттік. Наурыз – қазақша жыл басы.

Ежелден әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп, ауылдан-ауылға, үйден-үй­­ге жүріп кәрі-жас, қыз-келіншек бәрі де мәз болып көрісіп, ескі ұрыс пен ре­нішті ұмытып, татуласатын бол­-ған. Бұл мейрам қазақы ұлттық көрі­ністің бейнесі іспеттес. Бұл күнде сол ежелдегідей байғазы сұрасып, ат шап­тырып бәйге алып жатпаса да, 22 наурызда мерекелік шаралар өткі­зіліп, ұлттық жарыстар ойнатылып, барынша мейрамды әспеттеп жа­тамыз. Наурыз мейрамы қазақтың да, украин, орыс, неміс және қазақ елін мекен еткен басқа да 130 ұлт өкілінің ортақ мерекесіне айналды. Ата-баба­мыздың озық дәстүрін жалғастыру мақсатында бұл күндері ағаш отыр­ғызу акциялары, қайырымдылық шаралары өткізіледі. Жер-жерлердегі әкімшіліктер тұрғындарға шама-шарқынша мерекелік бағдарламалар әзірлейді. Құрылған сахналардың бірінде шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп жатса, бірінде спорт­тық ойындардан жарыстар өтіп жа­тады. Бірінен-бірі өткен киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылады. Ұлт­тық киім киген ұл-қыздар алтыбақан теуіп, мәз-думан болады. Жергілікті мейрамханалар мен наубайханалар өнімдерінің саудасы ұйымдас­тыры­лады.
«Халқым қандай десең, салтым­нан сынап біл» демекші, салт-дәс­түр­ден этностың мінез-құлқы, үлгі-өне­гесі, зейін-зердесі, даналығы мен да­­ралығы, шешендігі мен тапқыр­лы­ғы, ақыл-ойы, моральдық, танымдық, этикалық көзқарасы көрінеді. Яғни салт-дәстүр дегеніміз – халықтың ру­­хани өзегі, мәдениетінің діңгегі, ті­лі­нің тірегі. Наурыз мейрамында осы рухани құндылықтарды насихат­тауды жақсылап түсіну керек-ті. На­сихат дегенде маңызды орынға ие бұқаралық ақпарат құралдары. Әри­не, кез келген басылым төл ме­реке ха­қында түрлі ақпарат, қызықты де­рек, эксклюзивті сұхбатын ұсынып жатады. Бұл өте орынды. Алайда, «төл мерекеміз Григориан күнтүзбесі бойынша аталып өтетін жаңа жылдың тасында қалып қояды; тиісті деңгейде аталып өтілмейді» деп талайдан бері айтылып та, жазылып та келеді. Соң­ғы кездері «Наурыз мерекесі бұқа­ралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылық­тың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда. Тігілген киіз үйлер санаулы адамдардың рақаты мен ішіп-жеу ордасына айналып, олар сырттан бақылайтын қарапайым жұрттың алакөздігін тудырды. Наурыз мей­рамы қарын тойдырумен шектеліп, рухани баюымызға, болмаса құмар­-та тынығуымызға септігін тигізбей отыр» деген пікірлер айтыла бас­та­-ды. Жылқы жылы ұлттық жаңа жы­лы­мызға телеарналар қанша­лық­ты көңіл бөлуде?! Сол тақырыпта са­рап­тама жасауға тырысып көрдік. Мә­се­лен, «Қазақстан» ұлттық арнасы  22 нау­рыз мерекесін тойлауды ер­терек бастап кеткенге ұқсайды. Қа­зақы көйлектегі бойжеткен, ат жа­лында ойнайтын батыр, кимешек киген әжелер, қолында бүркіт ұста­ған саятшы және тағы басқа қазақы көріністен хабар беретін бейнебаян жасап, халық назарына ұсынып үл­герді. «Хабар» арнасының ұжымы наурыздың арайлап атқан таңын «Жаңа күн» атты бағдарламаның арнайы мерекелік шығарылымымен баста­мақ. Онда көрермендерге қызықты ақпараттар, жан-жақты видеосю­жеттерді ұсынады. Елімізге танымал азаматтар наурызды қалай қарсы алады?! Ұлыстың ұлы күнінде кәдеге жарар таңғы кеңес, бұрын-соңды беймәлім болған ұлттық билер мен салт дәстүрлер жөнінде кеңінен ақ­парат береді. Сондай-ақ жаңа за­ман­да наурызды қалай тойлау керек деген сұраққа жұлдыздар, өзге ұлт өкілдері, танымал тұлғалар жур­на­лис­термен бірге жауап іздейді.
Мемлекеттік арналардың наурыз мейрамына беретін бағдарла­малар­дың форматы, тақырыбы, мазмұны ұқсас. Тек шақырылатын қонақ, қойылатын сұрақ өзгеше демесек. Де­генмен насихат жеткілікті.
Ал коммерциялық арналар ұлт­тық мейрамға қаншалықты назар салады?! Мысалы, «Жетінші арна» мерекелік эфирінде балаларға ар­налған «Наурыз думан» атты кон­цертті қамтыған. Әртүрлі жастағы балалар мерекелік өлеңдер айтып, билерін көрсетіп, халық аспап­та­рын­да ойнайды. Сондай-ақ «Жетінші арнаның» жаңа аспаздық шоуында екі бірдей ұлттық тағам дайында­-лады, бірақ тәсіл әртүрлі. Бұл жай ас әзірлеу емес, ене мен келіннің бәсі! Асүйде болсын, ер-адамның өмірін­-де болсын басты орынды иеленетін кім – анасы ма, әлде әйелі ме? Кай­сы­сы өзінің шеберлігін көрсетіп, от­басыдағы «БАСТЫ аспазы» атанады?! Жігітке қойылар талап та қатал – көз­бен көрмей, дәмін татып таңдау жасайды.
Қазақстандық телеарна нары­ғындағы жаңа форматтағы «Қыздар арасында» шоуының мерекелік бағ­дарламасында қазақы әйел табиғаты тақырыбына қатысты екі заман өкілі­нің пікірі анықтайды? Бағдарламаға сарапшылар мен қонақтар шақы­ры­лады, олар үй шаруасына қатысты, өзіңді күту, аспаздық, бала тәрбиесі, жұбайлық мәселесіне қатысты кеңес­термен бөлісетін көрінеді.
Сонымен қатар арнайы наурыз мерекесіне жаңа премьера «SUPER әжелер» жобасының тұсауы кесіл­мек. «Дәстүрлі әжелерге көздері үй­реніп қалған телекөрермендер сөзсіз таң болады» дейді ұйымдастыру­шылар. Біздің әжелер жастардан қа­лыспайды, тіпті олардан асып түсуі де мүмкін: заманауи клубтың «face-control»-нен оңай өтіп, суши барда тамақтанады, әдемі билеп, спорттық көлікті еркін жүргізуі де мүмкін екен. Түнгі клубта жастар ғана қыдырады деп кім айтты? Студенттер ғана сән­қой ма? Кездесуге асығатын тек би­кештер ме? Зейнет жасына дейінгі­лер ғана тәуекелшіл бола ма? «Super әжелер» атты жаңа төл жобамызда барлық таптаурынды жоққа шығара­тын көрінеді.
Арналардың наурызға арналған мерекелік бағдарламасының дені жұлдыздардың қатысуымен болады. Себебі кез келген телеарна алдың­ғы кезекте рейтинг қамын ойлай­тыны белгілі. Десек те, қандай креа­тивті, тың бағдарламаны ұлттық на­қышта жасауға болатыны да бел­-гілі дүние. Уақыт өте қазақы құнды­лықты ескеретін бағдарламалар қатары көбейюде. Демек, алдағы наурыз мерекесінің Григориан күн­түзбесі бойынша аталып өтетін жаңа жылмен деңгейі тең атап өтілу мә­селесі болашақ еншісінде қалмақ.
Арайлап жеткен әз-Наурыз мей­рамында ақ мол болып, жылымыз ырыс­ты болсын. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, бей­бітшілік пен келісімнің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні жанұяларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін!
А.НҰРМҰХАН

http://www.aikyn.kz/articles/view/45129

 

Рубрика: