Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

pogudx303ek11t78pg.3b3ca126Той дегенде жұрттың көз алдына мәре-сәре күй кешіп жүрген адамдар елестейді. Той тек қуанышқа арналып жасалатындықтан, тек осылай болуы да керек.Осы мәселені сөз еткенде тойға көрік беретін қызықты шаралардың көптігі қайран қалдырады. Ғұмырда бір ғана рет қайталанатын осы күнді мәңгі есте қалдыру үшін барын салатындар әлемнің әр шалғайынан көрініс беріп жатады. Айталық некесін су астында, шахтада, метрода, ұшақта, трамвайда, елсіз далада қидырғандарды да естідік. Бұл жағынан қазақтардың да қолданып жатқан әдіс-тәсілі аз емес. Екінің бірі лимузин мініп, қаптаған қара джиптермен жүруді әдетке айналдырған. Алайда солардың бірі де ата салтымыз бойынша, неке қидырған бір оқиғаға тең келмесі анық. Мәселен, өткен жылдары отау құрған бір жастар Алматыда ат жегілген күймемен неке сарайына келіп, жұрттың назарына іліккен еді. Дәл осындай ұлттық нышандағы салтанаттар кез келген кісінің көкейінде ұзақ уақыт сақталатыны анық. 

Жақында бір қызықты жағдайды оқыдық. Today.kz агенттігінің ха­баралуынша, Алматыда қазақ-фин тойы өткен. Шығыс жекпе-жегінен алдына жан салмай жүрген Айсұлу Исмаилова есімді қарындасымыз қосағын елден емес, сырттан тауыпты. Айкидо спор­тынан жаттығу барысында болашақ жары фин азаматы Туомо Харьюлмен танысады. Мұның соңы махаббатқа ұласып, ақыры олар қосылуға бел буыпты. Жас отау иелері қыз ұзату мен тойды қалай ұйымдастырғанын көр­мегендер арманда, көргендер риза. Тіпті «бүкіл той осылай өтсе» деген асыл арман да әр жүректе ұлттық дәстүрге деген са­ғынышты оятқандай. 
Айсұлу Туомо Харьюлмен негізі, Финляндияда университетте оқып жүр­генде танысқан. Айкидоға қызығатын күйеу бала да жаттығу залында қазақ қызын қалай ұнатып қалғанын сезбей қалса керек-ті. «Біз бір қалада тұрып, бір университетте оқыдық. Мен магистратурада «Ақпараттық технология және инновациялық менед­ж­мент» факультетінде оқыдым. Ол IT мамандығы бойынша білім алды. Айкидо тобында таныстық. Мен спорттың бұл түрімен Қазақстанда жүргенде айналысқан едім. Сондықтан сыртта жүрсем де спорттан қол үзгім келмеді» дейді Айсұлу Исмаилова-Харьюла.
Ендігі той Финляндияның Коувола қаласында 22 тамызда өтеді. Алайда елді елең еткізгені Қазақстандағы қыз ұзату мен беташар болған секілді. Екі жас Іле Алатауының етегіндегі этноауылды ән мен күйге бөледі. Айсұлудың анасы сапар алдандағы тойдың тамаша, ұлттық на­қыш­та өткенін қалапты. Ал қызы қарсы бол­маған. Күйеу баланың дәстүріміздің ерекше қырларына қайран қалғанын айтпасақ та түсінікті болар. Тіпті ол екі халықтың ұқсас жақтары барына да таңғалыпты. Алдымен қызды ата-анасымен таныстырыпты. Содан соң үйленуге рұқсат сұрапты. 
Қыз ұзату тойы мен беташардың қонақтары да ұлттық киімдер киіп, тау етегін тамаша әсерге бөлеген. Тіпті түсіріл­ген суреттерді қарап отырып ежелгі дәс­түрлеріміздің бүгінгі күнге де лайық­ты­лығына қайран қаласың. Оғаш көрінетін, жат сезілетін бір нәрсе болсайшы, бәрі жарасып тұр. Ендеше, бүкіл жастарымыз қымбат көлікпен қыдырып, жын-ойнақ музыкаға билеп, арақ-шараппен таңның қалай атқанын білмей қалғанша, ұлттық құндылықтарымыздың қадірін арттырғаны анағұрлым әсерлі емес пе? 

Жолдасбек Дуанабай

http://aikyn.kz/

 

Рубрика: