Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Variety Russia басылымының мә­лімдеуінше, Тимур Бекмамбетов ең табысты ресейлік режиссер атанды. Басылым ресейлік кинопрокатта та­бысқа кенелген 15 режиссердік тізімін жасаған. Рейтингті Қазақстан тумасы, бірне­ше туындыларымен Ресей ғана емес, ТМД елдеріне танылып, шетелдік ки­ноактерлермен табысты жұмыс атқар­ған Тимур Бекмамбетов бастады.


Оның режиссерлік жұмыстары ресейлік про­катта 140 млн доллар жинаған екен. Режиссердің голливудтық жұмыстары мен Ресейдегі продюсерлік жобалары қосылса, жалпы, пайда сомасы 272 млн долларға теңгеріледі. Бұл – ресейлік прокаттың былтырғы табысынан 1,5 есе көп сома. Екінші орынды Федор Бондарчук иеленді. Оның жұмыстары («9 рота», «Обитаемый остров») ресейлік прокатта 53,5 млн доллар жинаған. Биыл оның «Сталинград» атты жаңа туындысы фильмі жарық көрмек. Үшінші орында – Сарик Андреасян. Бір жарым жыл ішінде оның «Enjoy Movies» компаниясынан шыққан 8 жобасы Ресейде 63 млн доллар жи­нады.

http://www.aikyn.kz

Рубрика: