АЛТЫНОРДА
Новости

Тимошенко Украинаны ЕО-ға қосу талабымен аштық жариялады

c3c4dadbe1df77bfeeab57201fcff9b2Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенко ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қою талабымен аштық жариялады, деп жазады ВВС.

Тимошенко жақтаушысының айтуынша, ол отандастарын келісімге қол қоюдан бас тартқан Януковичтің үкіметін «жер бетінен жоюып жіберуге» шақырған.

Киевте өткен митингте сөз сөйлеген адвокат Сергей Власенко қазіргі уақытта ауруханада жатқан Тимошенко шеруге шыққандарды «тек алға ұмтылуды» талап етіп отырғанын жеткізді.

«Артқа шегінбей, жеңіске қарай ұмтылыңдар. Егер 29 [қараша] күні Янукович қауымдастық туралы келісімге қол қоймаса, оны жемқорланған метастазасымен бірге жер бетінен жойып жіберіңдер», — деп үгіттеді Тимошенко өз хатында.

Оған дейін дүйсенбі күні Мемлекет басшысының ресми сайтында президент Янукович украиналықтарға арналған үндеуін жариялады.

Ол үндеуінде елге үлкен қысым жасалып жатқандығын айтып, соның салдарынан «өндірістер тоқтап», миллиондаған азамат далада қалуы мүмкін деген болжамымен бөліскен.

Сондай-ақ Януковичтің айтуынша, «Украинада еуропалық стандарттарға сай қоғам құруға лайық балама жоқ».

http://bnews.kz