Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Қазақ тілі — өте көне заманнан бері қолданыстан түспей келе жатқан аса бай, көркем, баламасы көп, айтуға жеңіл, мағналы-мәнді тілдер қатарына жатады. Оны мақтан етуге тиіспіз. Адамның ішкі жан сезімін, көңіл-күйін білдіретін «айналайын», «текті бала», «құлыншағым», «ғұмырлы бол» сияқты сөз және сөз тіркестері көненің көздері. Олар ешқашан да өшпек, ұмытпақ емес.
Кең-байтақ жері, ата-дәстүрі, өміршең әдет-салты, ұлттық тілі бар қазақ халқы ғасырдан-ғасырға жасай береді. Қазақ тілі — ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей берілетін асыл қазынамыз, ұлттымыздың асқар шыңы. Оны көздің қарашығындай сақтай білу — баршамыздың, халқымыздың, ұлтымыздың абыройлы борышы, парызы.
Біздің ана тіліміз — қазақ тілі — бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Ол Негізгі Заңымызбен бекітілген.
Мемлекеттік ұлттық тіліміздің дамуына, жан-жақты қолданысқа еңгізілуіне, әсіресе, қазақ халқы, ұлтымыздың ұл-қыздары ерекше жауапты.

 

Рубрика: