Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасы атап айтқандай, «Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасының Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да абзал парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.


Елбасының тілді дамыту бағдарламасын іске асырудың он жылдық кезеңі алды­мызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асыруға қазіргі заманымызда толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатқаны мәлім. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, ісқағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Тәуелсіздік алған­нан кейінгі алғашқы кездің өзінде-ақ Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­станның болашағы – қазақ тілінде» деп еліміздің келешегін анықтап берген бола­тын. Ал қазақ тілінің болмыс-бітімі, икем­ділігі мен байлығы, қабілеті мен қасиетіне келсек, әлем тілдерінің қай-қайсысымен де ұялмай, қысылмай қатар тұруға лайық деуге толық негіз бар.

Бүгінде барлық өзге ұлт өкілдерінің жер иесі, мемлекет иесі болып табылатын қазақ халқына деген алғысы мен ризалығы шексіз. Мемлекеттік тіл мәселесіне де олар түсінушілікпен қарайды. Қазақстанды бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі біледі. Оның экономикасы жылдан-жылға ілгері басып, биікке өрлеуге бет алған тыныштық пен татулықтың, ұлтаралық және дінаралық келісімнің адамдар арасындағы бауыр­мал­дықтың шынайы үлгісіне айналған, келе­шегі зор, көршілерінің бәрімен өзара сый­ластық қарым-қатынастар орната білген, бейбіт сүйгіш мемлекет ретінде таниды. Осы жылдардың бәрінде қазақ халқы өз тілінің, мемлекеттік тіліміздің кем-кетігін толтырып, лайықты орнын алуы үшін үздіксіз жұмыс істегенімен, өзге тілдерді кемсітуге, бір тілді өзге тілдерден артық қоюға жол берген жоқ. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатқаны мәлім. Мысалы, «Райымбек Агро» ЖШС қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақ­ты түрде жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар.

Мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Мәселеге тереңірек үңілсек, қазақ тілінің тағдыры –қазақтың өзінің қолында. Өркениетті елдерде тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешіледі. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиіс.
Мемлекеттік тіл туралы заң қабыл­да­­нып, халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуа­тын толық сезінгенде ғана Елбасының «Қа­зақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналары сөзсіз.

Л.ТОҚБЕРГЕНОВА,
Іле аудандық әділет
басқармасының жетекші маманы,
Алматы облысы

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: