Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

tasmagambetov20082013Астанада «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында астаналық педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі өтті. Оған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова, қалалық мәслихат депутаттары, Елорда аудандарының әкімдері, ЖОО басшылары, ардагер ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Жылдағы дәстүр бойынша бас қаладағы ілім мен білім мәселесі жөнінде алқа құрып, ақыл қосу мақсатында өткізілген тамыз кеңесінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов елордалық 11 ұстазға пәтер кілттерін табыс етті. Бірқатар ұстаздар Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен марапатталды, соның ішінде үш ұстаз – Ыбырай Алтынсарин атындағы медальды өңірлеріне тақты.
Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов астаналық ұстаздар алдында сөйлеген сөзінде әлі де білім беру саласының «мәселеміз жоқ, көңіліміз тоқ» деп айтуға келмейтінін сөзіне арқау етті. «Сіздерді сынау үшін емес, ұл-қызымыздың білгені мен білмегеніне сын көзбен қарау үшін айтамыз. Оқушы мен оқытушыны емес, оқып отырған кітабымыз бен құралымызды, амалымыз бен әдісімізді түзеу үшін айтамыз. Өйткені біз сағат сайын жаңғырып, күн сайын таңғалдырған жаңа заманда өмір сүрудеміз. Бұл қатынасы аралас, өмір ортасы біртұтас боп кеткен жаһанданған заман. Олай болса, бүгінгі білім турасында айтқанда төл жүйеміздің бағасынан бұрын, оның жаһандық ой-өрістен алатын таласын қозғауымыз қажет. Бұл сіз болып біз болып сараптан өткізіп, ой елегіне жеткізетін маңызы зор мәселе» деді ол өз сөзінде.
Тамыз кеңесінің білім жүйесіндегі ең өзекті мәселелер талқыланатын жақсы диалог алаңына айналғанын тілге тиек еткен Иманғали Нұрғалиұлы ұстаздар қауымына білім жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдарын қарастырғанда қазіргі күнгі әлемнің даму үрдістерін ескере отырып, әлемдік тәжірибеге назар аударуды ұсынды.

Айтуынша, уақыт талабына толық сай келетін білім жүйесіне қол жеткізу үшін жаппай іздену қажет, жаңашылдыққа ұмтылу керек. Сонымен бірге қала әкімі астаналық ұстаздарға оқушыларымен үй тапсырмасын әлеуметтік желілерде орындауды ұсынды. Өйткені қазіргі заманғы технологиялық жетістіктерді, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану – бұл өте тиімді әдіс.

«Көптеген балалардың бүгінде әлеуметтік желілерде отыратыны жасырын емес. Виртуалдық кеңістікте олар түрлі мектеп ұсынатын дүниеден мүлдем бөлек қызығушылық, мүдде бойынша бірігеді. Қай мұғалім осы технологияларды пайдаланады? Неліктен олар қазіргі әдістемелерде көрініс таппаған? Сұрақтың басы ашық қалады. Бұл ұстаздар үшін модератор болуға үлкен мүмкіндік қой. Үй тапсырмаларынан бастап белгілі тақырыпқа дискуссия ұйымдастыруға дейін түрлі амалдар жасауға болады» деді бұл ретте қала әкімі. Иә, бүгінде әлеуметтік желіде отырмайтын бала кемде-кем. Осы орайда қала әкімінің айтқан ұсынысы мұғалімдерге ой салатынына сеніміміз кәміл. Кеңес барысында Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілін оқытуды дамыту қажет екенін ұстаздардың қаперіне салды.
«Қазіргі уақытта қазақ тіліндегі мектептер, газет-кітаптар, телебағдарламалар көп, бірақ тілді дамыту үшін кең аудитория керек. Қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу керек. Өйткені қазақ тілі – ұлттық идентификациямыз бен баға жетпес рухани байлығымыздың негізі. Тілдің жандануы мен дамуы, өсуі мен өркендеуі сіз бен бізге байланысты. Бұл баршамыздың басты міндетіміз» деді.
Сөзінің соңында астаналық ұстаздарды алдағы «Білім күнімен» құттықтаған қала әкімі білім игеру – айтуға оңай болғанмен, жай шаруа емес екенін атады. «Ертеңгі күннің еншісі де осы бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Басқасын былай қойғанда, осы күні қаламызда тәлім-тәрбие алып жатқан 120 мыңнан астам баланың басындағы орайы да, обалы да, тағдырының бермегі де, кермегі де сіз бен бізге байланысты. Ертеңгі күні бұл ұрпақ қандай болады?! Оның туған еліне, ана тіліне деген, дарқан даласы мен өскен қаласына деген махаббаты қандай болады?! Бұған жауапты сіз бен бізден басқа ешкім бере алмайды. Оның өркендегені де, ұрпағының өсіп-өнгені де ең алдымен бізге керек. Олай болса, алдағы уақытта да осы бір баға жетпес басты рухани байлығымыздың салмағын арттыра бергейсіздер» деді Иманғали Тасмағамбетов.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту басшыларға, онда да жер-жердегі әкімдерге де байланысты. Басшы дұрыс бағдар беріп, талап етететін болса былайғы жұртшылық мәселені шешуде белсенділік танытары анық. Қазақ тіліне қатысты өзекті мәселелер Астана қаласындағыдай өзге де өңірлерде өтіп жатқан тамыз кеңестерінде сөз болып жатса мұның өзі тіл тұғырының нығая түсеріне ықпал етері сөзсіз.

Б.ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ

Астанада «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында астаналық педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі өтті. Оған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова, қалалық мәслихат депутаттары, Елорда аудандарының әкімдері, ЖОО басшылары, ардагер ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері қатысты. 

Рубрика: