АЛТЫНОРДА
Новости

Террористер арасында болған жерлестеріміз елге оралып жатыр

©raznesi.info2014 жылдан бері террорситік лагерьлерде болған Қазақстанның 15 азаматы елге оралды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтың айтуынша, бүгінде әрбір азаматтың бет-бейнесін ашу үшін жеке-дара жұмыстар атқарылады. «Өткен жылдан бері сан алуан террористік лагерьлерден Қазақстанның 15 азаматы елге оралды. Олардың үшеуін соттап, бас бостандығынан айырса, екі азаматқа қатысты қылмыстық істер қозғалды, тағы екі адамның елге не үшін қайтып келгені анықталып жатыр. Қалған 8 азамат террористік әрекетке қатысы жоқ деген шешіммен қылмыстық жазадан босатылды», — дейді Н.Білісбеков.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, бүгінде 150 қазақстандық шетелде әскери іс-қимылдарға қатысып жүр. Олармен бірге жүрген 200-ге жуық адамның дені — әйелдері мен балалары.
Автор: Арман АСҚАР

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/terrorister-arasyinda-bolgan-jerlestermz-elge-oralyip-jatyir-65718/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі