Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1Еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы. Тұрғындары көп аймақта статистикалық жағынан алғанда құқық бұзушылықтардың да көп болуы заңды. Оны құқық қорғау, заңды қадағалаушы органдардың мәліметтерінен көруге болады.

Жыл басынан бері облыстық заң қадағалау органдары бірнеше заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Облыс прокурорының орынбасары Қ.Әбдіхановтың мәлімдеуінше, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы – монополиялық субъектілердің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойған. Атап айтқанда, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының Жетісай газ шаруашылығы қолданыстағы заңнама талаптарын бұзып, филиал «келісімінсіз», өз бетінше газ құбырына қосылғаны үшін  833 газ тұтынушыға жеке-жеке 35 779 теңге көлемінде қосымша төлем түбіртектерін табыстаған. Алайда, аталған барлық газ тұтынушыларының шаруашылықта дербес есеп-шоттары бар болатыны, яғни газды шаруашылықтың келісімі бойынша тұтынып жатқандығы прокурорлық тексеру барысында анықталды. Мысалы, Мақтаарал ауылдық округі, Есентаев ауылы, Ұлан көшесі № 15 үй тұрғыны Б.Абдиев тұрғын үйдың газ құрылғысына толығымен техникалық құжаттарды рәсімдеп, 2013 жылғы 23 желтоқсанда №161/гуАт/13 келісім-шартқа тұрып, техникалық құжаттарға жалпы 123 мың теңге төлеп, atak 3510 санды дербес есеп-шотына ие болған. Соған қарамастан, ҚазТрансГазАймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының биллингалық компаниясы «Омега XXI»ЖШС-і Б.Абдиевке табыстаған түбіртекте, жалпы 63 559 теңге төлеу қажеттігі, оның 27 780 қолданған газ үшін, ал 35 780 теңге «санкциясыз» газ құбырына қосылғаны үшін деп жазылған.   

         Бұл ретте, шаруашылықпен қолданыстағы табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, бәсекелестік туралы заңдарда белгіленген, заңнамада көзделмеген қосымша ақы алуға, немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға, тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын іс-әрекеттерге  тыйым салынатындығы туралы талаптары өрескел бұзылған. Прокурорлық қадағалау актісімен 833 тұтынушының есептеріне негізсіз қосылған 29,8 млн теңге алынып тасталып, тұтынушылардың құқықтарын осы тектес жолмен бұзу деректерін алдағы уақытта болдырмауға шаралар қабылданды, дейді облыс прокурорының орынбасары Қ.Әбдіханов.

         Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін шаруашылықтың бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған, ал ҚазТрансГазАймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының басшысы тарапынан өзінің бірінші орынбасары М.А.Сарбалинмен және Жетісай газ шаруашылығының директоры М.А.Манаховпен еңбек келісім-шарттары бұзылып, жұмыстан босатылыпты.

         Облыс аумағында осыған ұқсас тағы бір заң бұзушылық анықталып, прокуратура органдары жергілікті кәсіпкердің құқығын қорғапты. Прокурорлық тексеру барысында, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша Департаменті шаруа қожалығына ағын суды жоғарғы бағамен артық сатып 12 734,31 мың теңге табыс тапқаны анықталған.

— Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша Департаментінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №№ 7,8 қаулылармен «Дарья су» ЖШС-і (әрі қарай — серіктестік)шаруа қожалықтарын ағын сумен қамтамасыз ету барысында бекітілген тарифтен жоғары бағада су сатып, заңсыз 12 734, 31 мың теңге артық табыс тапқаны және сумен жабдықтау туралы тұтынушылармен түзілген келісім-шарттары үкімет қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес келмеу деректері бойынша серіктестік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің(әрі қарай — кодекс) 164 бабының 4 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 1 109 920 теңге(әр қаулымен 554 960 теңге жеке-жеке) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Аталған қаулыларды қабылдау барысында Кодекстің талаптары өрескел бұзылғаны прокурорлық тексеру барысында анықталды, — дейді Облыс прокурорының

аға көмекшісі Б. Ергешов.

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 26 бабының талаптары бұзылып серіктестік тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сол кезде толтырылмастан, тек екі айдан астам уақыт өткен соң рәсімделген. Бұл  хаттамаларда Кодекстің 803 бабының 2 бөлігінің 3 тармағында белгіленген серіктестіктің банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекен-жайы көрсетілмеген. Сондай ақ, серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыларда заңды тұлғаның банк деректемелері көрсетілмей, Кодекстің 822 бабының 1 бөлімінің 3 тармағы бұзылған. Бұдан бөлек, серіктестік 2012-2014 жылдары шаруа қожалықтарын ағын сумен қамтамасыз ету барысында бекітілген тарифтен жоғары бағада су сатып, заңсыз артық табыс тапқаны туралы тұжырым жасауға Мақтаарал ауданы Ынтымақ аулдық округі әкімдігінің мәліметі негіз болған. Мақтаарал ауданы Ынтымақ аулдық округі әкімдігінің қызметкерлері мұндай ақпаратты Департамент қызметкерлері сұрамағандығын, сәйкесінше табыстамағандығын көрсеткен.

— Сонымен қатар, Департамент басшылыққа алған мәліметтің шыңайылығын Мақтаарал аудандық статистика басқармасындағы ақпаратпен салыстыру барысында бірқатар қарама-қайшылықтар анықталды. Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға не оны өзгертуге негіз болады деп айқындалған. Сондықтан, облыстық прокуратурамен аталған заңсыз қаулылардың күшін жою және алдағы уақытта ұқсас заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы Департаментке прокурорлық актілер енгізді. Осы актілерді қарау нәтижесімен «Дарья су» ЖШС-не 1 109 920 теңге әкімшілік айыппұл салу туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, заң бұзушылықтарға жол берген Департаменттің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды және алдағы уақытта қолданыстағы занамаларды біркелкі қолдануға арналған Департаменттің іс-шаралар жоспары қабылданды, дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Б. Ергешов.        

         Прокуратура органдары тұтынушылардың құқықтарын ғана емес, балаларының әкелерінен алимент өндіріп ала алмай жүрген жалғыз басты аналардың да қамын ойлап, құқықтарын қорғап жүр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қалалық прокуратурасының қызметкерлері «Балаңды есіңе ал — Алимент төле!» атты акциясын өткізу барысында үлкен жұмыстарды атқарғандарын айтады. Аумақтық сот орындаушылар бөлімі-филиалында 2015 жылдың 5 айында алимент өндіру туралы жалпы 1687 атқару құжаттары болған, оның ішінде 48 атқару құжаттары аяқталып, 1639 атқару құжаттары орындалуда жатқан. Қалалық прокуратура аумақтық сот орындаушылар бөлімінде 6 тексеріс жүргізіп, нәтижесесінде 6 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы енгізген, 1 тәртіптік іс өндірісі қозғалып, 1 сот орындаушысын тәртіптік жауапкершілікке тартыпты.

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарына хабарландыру тақталарына сот ұйғрымымен алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің суреттері ілініп, борышкерлерді іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Түркістан аумақтық сот орындаушыларымен 86 борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қойыпты. Бұдан бөлек қала прокуратурасымен Түркістан аумақтық сот орындаушылар бөліміне Түркістан қалалық сотына Заңның 34 бабы 1 бөлімінің 3 тармағына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс жолданып, Түркістан қалалық сотының ұйғарымымен Түркістан қаласының салық басқармасына, Түркістан қалалық әділет басқармасына, Түркістан ауданаралық емтихан қабылдау және тіркеу жұмысы бөліміне және басқа да тиісті мекемелерге жолданған.  

 

 

 

Рубрика: