АЛТЫНОРДА
Новости

Темекі тартатындардың саны анықталды

Астана. 8 қаңтар. Baq.kz – Бүкіл әлемде шылым шегетін адамдар саны бір миллиардқа жетті деп хабарлайды Америка медициналық ассоциациясы журналының сарапшылары. 

Жалпы пайызға шаққанда темекі тартатындардың үлесі бұрынғы көрсеткіштен кеміген. Дегенмен, соңғы уақытта Жер бетінде адам санының күрт өсуі салдарынан шылымға әуестенгендердің саны да өсіпті.
Ресей мен Индонезияда ер азаматтардың жартысынан көбі темекі тартады дейді аталған журнал қызметкерлері. Олардың айтуынша, шылымқорлардың қатарын азайту үшін әлі де көп еңбек ету керек. Атап айтқанда, темекі акциздерінің құнын көтеріп, қорап сыртына жан түршігерлік суреттер жапсыруды жалғастыру.

http://baq.kz/kk/news/41828