Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков Азаттыққа 26 сәуірде өтетін кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

Азаттық тілшісіне дүйсенбі күні комментарий берген Телібековтің айтуынша, оның бағдарламасы «елдегі және биліктегі коррупциямен күресуге, экономиканы көтеруге негізделеді».

Телібеков 2011 жылы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған. Бірақ тіл емтиханына қатыспай қалған еді.

Телібеков тіл емтиханы «кандидаттарды аяқтан шалу үшін жасалған» деп санайды. Ол сайлау алдында тіл емтиханына қарсы акция ұйымдастыратынын мәлімдеді.

«Осыған дейінгі сайлауларда қазақ тілін жақсы білетін Уалихан Қайсаров тіл емтиханынан өтпей қалды да қазақша сөйлемейтін Ғани Қасымов өтіп кеткен. Сондықтан бұл кандидаттарды сайлауға қатыстырмаудың бір амалы» деді ол Азаттық тілшісіне.

26 сәуірде мерзімінен бұрын өтетін Қазақстан президентінің сайлауына «Табиғат» экологиялық ұйымының Мэлс Елеусізов те өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26877623

Рубрика: