Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сет МакФарлейн түсіргелі жатқан «Батыста өлудің миллион тәсілі» («A Million Ways to Die in the West») вестерн-комедиясына тағы бір актриса шақырту алды. The Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, болашақ жобаға Аманда Сайфред түскелі жатыр.

Сюжетте атыс кезінде қорқақтық танытқаны үшін қызы (А. Сайфред) тастап кеткен фермер туралы баяндалады. Қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін, жігіт мылтық атуды жақсылап үйренуге бел буады. Осы мақсатпен атақты бандиттен тәлім алып жүргенде, оның әйеліне (Ш. Терон) ғашық болып қалады.

Біз осыған дейін фильмге басты рөлдердің біріне Шарлиз Терон шақырту алғанын хабарлаған едік. Сет МакФарлейннің өзі «Батыста өлудің миллион тәсіліне» сценарий жазып, режиссер болып қана қоймай, басты рөлді де сомдауы мүмкін деген болжам бар.

Жоба жұмыстары 2013 жылы жазда басталмақ.

 

http://kinostan.kz/news/view?id=185

Рубрика: