АЛТЫНОРДА
Новости

ТАЗА НАН мен ПАЙДАЛЫ ОТЫН –

Қазақ ғалымдары ашқан жаңалық

04.04.2013

Қазіргі кезде белок, май, кө­мірсу, дәрумендер мен фер­мент­тер­дің және т.б. белсенді зат­тар­дың көзі бола алатын «дәстүрсіз» жаңа азық түрлерін өндіру жол­дары жан-жақты қарастырылуда. Ғалымдар биологиялық белсенді қоспа алуға көптеген микро­бал­дырлар мен цианобакте­рия­ның таза дақылдар пайда­лануда. Әсі­ресе, спирулинаны XXI ғасыр­дың ең үздік өнімі қатарына жат­қызады. Тіршілік негізінде жи­налған спирулинаның бағалы өнім­­ділігі мен биомасса құра­­мындағы биологиялық белсенді зат­тары медицинада, ауыл ша­руашылық егістіктерде, тағам өн­ді­­рісінде, мал шаруашы­лы­ғында тәжірибелік қолданылуда өз тиімділігін көрсетіп отыр. Атал­ған мақсатта, Қазақстанда қан­дай игі істер атқарылып жа­тыр? Біздегі биотехнология қалай дамуда?

Image

Заядан БОЛАТХАН,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы:


ХХІ ғасыр – биотехнологтардың ғасыры

ХХІ ғасыр – сөзсіз биотехно­логтардың ғасыры. Себебі био­логиялық заттар, өсімдіктер, мик­роорганизмдер және басқалары сарқылмайтын табиғи байлық. Қазірде әлем ғалымдары фото­трофтар мен жаңа биоценоздар негізінде құрылған қалдықсыз биотехнологияны құруды басты назарға алып отыр. Олай дейті­нім, фототрофты микроор­га­низмдерден биологиялық бел­сенді қоспаларды алып медици­на, тағам және ауылшаруашылығы­на пайдалану, қоршаған ортаға эко­логиялық және генетикалық мониторинг жүргізу, ластанған суларды биологиялық тазалау, топырақтың құнарлығын артты­руда маңыздылығы зор. Сондай-ақ, келешек биоэнергетиканы өркендетуде орны ерекше.
Әсіресе, микробалдырлардың қоршаған ортаны бақылау және қалпына келтірудегі рөлі өте жо­ғары. ХХІ ғасыр қала сәні мен та­за­лығы тек жасыл өсімдіктер­ден ғана емес, жасыл балдырлар негі­зінде құрылған жасанды био­ценоз болуы қажет. Жаңа ға­сыр био­энергетикасы микробалдыр­лардан алынатын экологиялық таза отын, биодизель мен био­мұнай ғасыры деп есептелінеді. Енді осы фототрофты мик­­роорганиздердің биотехноло­гия­да маңызды штамдарын сұрып­тап алып, олардың физиологиялық, биохимиялық қасиеттерін зерт­теудеміз. Биологиялық белсенді зат­тар, өндіргіш дақылдарды жал­пылай өсіріп, биомассасын ауыл­шаруашылығына, меди­цинаға, қоршаған ортаны бақылау және қалпына келтіруге пайдалануды басты назарға алып отырмыз. Биотындар алуға байла­нысты ғылыми-зерттеу бағытта­рымен жұмыс жүргізіп келеміз.

БиоНАН жақсы нәтиже берді

Дүниежүзілік Денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметіне сү­йенсек, «спирулина» деп атала­тын микробалдыр кем дегенде 70%-ға жуық ауру түрлеріне қор­ғаныш күш бола алады. Спирули­на био­массасы адамзаттың қа­лыпты тіршілік етуіне аса қажет. Құра­мында улы заттары жоқ, эко­ло­гиялық таза өнім. Сондық­тан спирулинаны тағамға қосымша қоспа ретінде пайдаланғанда ма­ңызды ішек микрофлорасы­ның қызметтерін тұрақтанды­ра­ды және иммунды жүйелерді көте­руде немесе вирустар мен қатерлі ісіктерді басуда қажетті фарма­цевтикалық потенциалға ие. Оның үстіне, қазір экология өте лас. Байқасаңыз, қазіргі адам­дар­дың көбі арықтау келеді. Неге? Қан аз, соның себебінен қанай­налым нашар, иммунитет өте төмен және т.б. Әлемдік тәжіри­беде спирулинаны әртүрлі та­ғамдарға қосу арқылы адам ағ­засы­на пайдалы препараттар алуда. Қазақстанға әкелініп, біз сол тағамдарды күнделікті тұр­мыста тұтынып жатырмыз. Мы­салы, айран, йогурт, ірімшік, тіпті тіс пасталары.
Ал біз неге биологиялық бел­сенді тағамдарды өзіміз жасап шығармаймыз? Осы мақсатта биотехнология зертханасы мен та­ғамтану академиясы бірігіп, спи­рулинаны кәдімгі нанға қо­сып, биологиялық белсенді қоспа, яғни бионан жасап алдық. Мем­лекеттік стандарт алу үшін, тыш­қандарға тәжірибе жасадық. Бір топ тышқанға спирулина қосыл­ған нанды, келесі бір тобына күнделікті жеп жүрген нанды бердік. Сонда байқағанымыз, 1 айда спирулина қосылған нан­ды же­ген тышқандардың салмағы 18-28%-ға көбейді, қанның құра­мы жақсарды. Жақсы нәтиже бер­ді. Келешекте, осы адам ағза­сына өте пайдалы нанды са­ты­лымға шығаруды жоспарлап отырмыз.

Image

«Spirulina Life» өндіріп алдық

Қазіргі уақытта өте жыл­дам әсер беретін және экономика­лық тиімділігі мол, көп қосылысты био­­логиялық белсенді қоспа көп­теп өндіру қажет. Кез келген ау­руды емдеу үшін қарастырылған дәрігерлік терапия, емдік шынығу, физиотерапия, тамақты ішіп-жеу­­дің дұрыс тәртібі сияқты әр­түр­лі ережелерді міндетті түрде іске асы­ра отырып, оған қосым­ша био­логиялық белсенді қоспа­ны үзбей қабылдаудың маңыздылы­ғы зор.
Биотехнология кафедрасын­-да А.Жұбанова, Ю.Синявский және т.б профессорлардың қаты­суы­­мен биологиялық белсенді тағамдық қоспа «Spirulina Life» өндіріп алдық. Яғни сәбізді кеп­ті­ріп, оған микробалдырдан ал­ған өнімді қосып биологиялық бел­сенді қоспа алдық. Инно­ва­ция­-­лық патент те алынды. Бұл қос­па­ны адам ағзасына қосымша дә­румен ретінде қабылдауға болады.

ДЕРЕК КӨЗІ:

Дамыған елдердің ғылыми институттары спирулинадан жасалған препараттарды иммундық жүйеге биостимулдеушілік және жалпы нығайтушылық қабілетіне ие және қан құрамындағы жаңа жасушаларды генерациялау мүмкіншілігімен құнды деп көрсетсе, АҚШ-та ісік ауруының ғылыми институты цианобактериялардың құрамындағы сульфолипидтердің вирусқа қарсы әсерінің бар екенін жария етті. Анемиямен ауыратын жүкті әйелдерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде спирулинаны қабылдаудан соң, олардың эритроциттер мен гемоглабин мөлшері, жалпы белок пен сарысу бездері жоғарылағаны дәлелденсе, организмдегі химиялық заттармен уланған және радиациялық сәулеге ұшыраған қан құрамындағы ақ түйіршік жасушаларын (гемоглабин құрамын) стимулдеп, тез арада қалыпты ретке келтіруде спирулина құрамындағы фикоцианин пигментінің маңыздылығы жайында көп айтылады. Міне, осындай биологиялық белсенді қасиеттеріне байланысты спирулина құрамын медицина саласында мынадай жағдайларда пайдалануға ұсынылады:
– Организмде темір жетіспегенде және қатерлі қан аздықта, соның ішінде қан ісігін тасымалдауға қарсы емдеу және алдын ала емдеу үшін аса қажет.
– Ұзақ ауырған кезде немесе гепатит, туберкулез, асқынған бронхиттен кейін дем беру үшін.
– Диабетиктердің қанындағы қант деңгейін төмендету үшін.
– Гиповитаминоз, дисбактериоз, терінің құрғауынан, гиперкератоздың өсуін (мысалы, өкшедегі жарықтар).
– Аяқ-қол буындарының ауруын, тұз жиналуын, миозит, жас организмнің өсуіне дем беру және т.б.

Микробалдырдан биодизель алу әлдеқайда ұтымды

Әлемдік әйгілі ғылыми-зерт­теу зертханаларында фо­тотрофты микроорганизмдерді биоэнергетикаға пайдалану мүм­кіншілігі мол екені анықта­лып отыр. Микробалдырлардан био­дизель, биосутегі, биогаз, сингаз, биоэтанол сияқты бірнеше жаң­ғырмалы отын түрлерін алу жол­дары зерттелуде. Әдетте, биоди­зельді өндіруде шикізат ретінде майлы дақылдарды қолдана­мыз. Мәселен,Еуропада – рапс, АҚШ-та – соя, Канадада – канола (рапс­тың алуан түрлілігі), Индо­не­зия, Филиппинде – пальма, кокос ма­йы, Индияда – ятрофа (Jatropha), Африкада – соя, ят­ро­фа, Брази­лияда – кастор майы қолданы­лады.
Алайда Хисти мәліметтеріне сүйенсек, микробалдырлардан алы­натын майдың мөлшері жер үсті өсімдіктерімен салыстыр­ған­да 10-100 есе көп, ал оларды өсі­­ретін аудан каноламен салыс­тырғанда 5-100 есеге азаяды екен. Бұл мәліметтер Жаңа Зе­лан­дия­да өсірілген балдырлар­ға тәжіри­бе жасау кезінде алын­ған. Демек, микробалдырдан биоди­зель алу әлдеқайда ұтымды. Оның үстіне, биодизель – био­логиялық таза отын. Қоршаған ортаға зиянсыз.     Қазір зертха­на­мызда сұйық биодизель жанар­май алу мақ­сатында жоғарғы мөлшерде май синтез­дейтін мик­робалдырлар штам­дарын алуға бағытталған се­лекция жұмыс­тары қарқынды жүруде. Селек­ция және мутагенез тәсілдерін пайдаланып, 25-28% -ға дейін липид синтездейтін микро­балдыр «Chlorella pyrenoidosa С-2m» мутант штамы алынып, оны жалпылай өсіруге оптими­зация жасау және био­дизелді жанармай алу техно­логиясын зерттеп, жүзеге асы­рудамыз.

Айдана НҰРМҰХАН

http://www.aikyn.kz