Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

7-мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда төрінде еліміздің бірқатар әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде барша Қазақстан халқын айтулы мерекемен құттықтады.

– Құрметті офицер мырзалар! Мен сіз­дерді осы наградалармен құттықтаймын. Атап айтқанда, өзде­ріңіздің Отанға деген еңбектеріңізбен және қызметтеріңізбен осы марапатқа лайықты болып отырсыздар. Біз­дің елдің азаматтарының тыныштығын қорғап және әскердің тиісті бөлімдерінде, арнайы қызметтер мен құқық органдарында  қызмет ете отырып, осындай жоғары мәр­тебеге лайықтысыздар, – деді Мемлекет бас­­­шысы. Наградаға ие болған азаматтар бұдан әрі де Отанға беріліп, отансүйгіштікпен қыз­мет ететіндіктеріне сенім артты. – Сіздер өзде­ріңізді бұл қызметке, яғни  погон тағып өмір сүріп, жұмыс істеуге арнадыңыздар. Мен сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қыз­­метте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Баршаңызды Отан қорғаушы кү­німен құттықтаймын,– деді Елбасы. Осы күні Пре­зидент қолынан әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құ­қықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көр­сет­­кен ерлігі мен қажырлылығы үшін ІІ дәре­желі «Даңқ» орденімен Қазақстан Рес­публи­касының Қарулы Күштері «Оңтүс­тік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбас­шысы Т.Қойбақов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рыспаев марапатталды.

ІІ дәрежелі «Айбын» ор­денімен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полиция­сы) төрағасының орынбасары А.Боданов, Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштері 36855 әскери бөлімінің командирі Е.Ермекбаев, Бас әскери проку­рор­дың бірінші орынбасары Қ.Игембаев, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің басқарма бастығы Б.Ысмайылов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі басқармасының аға офицері Б.Қапаров, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы С.Көдебаев, ҚР Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі Д.Құрмашев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жеке авиациялық эскад­рилья командирінің орынбасары М.Мұсабеков марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қарағанды облысы Төтенше жағ­дайлар департаменті «Өрт сөн­діру және авариялық-құтқару жұ­мыстары қызметі» ММ №45 мамандандырылған өрт сөн­діру бөлімінің аға өрт сөн­­діруші-құтқарушысы Ә.Айтбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері 68665 әскери бөлімі десанттық-шабуылдаушы ротасының аға техник-жүргізушісі А.Караваев, Аэроұтқыр әскерлері сержанты – ҚР Қарулы Күштері Аэ­роұт­қыр әскерлері қолбас­шысы басқармасының бөлімше бастығы Р.Сүйіндіков марапатталды.
Сондай-ақ «Ерлігі үшін» медалімен Жамбыл облысы Тө­тенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға шебері Қ.Жаныспаев, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамлют ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қ.Майсейітов мара­патталды.
Ал «Жауынгерлік ер­лігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 83205 әскери бөлімінің командирі А.Әбдірахман, ҚР Президенті Күзет қызметі департамент бастығының орынбасары Е.Жарқымбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас бас­қарма бастығы М.Жетімеков, Рес­публикалық ұлан 0111 әскери бөлімі батальонының рота командирі Р.Кененбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері 97617 әскери бөлімі зенит­тік зымырандық дивизионының командирі Д.Шевченко марапатталды.
Осы күні Президент алғаш рет әйел азаматқа генералдық атақ табыс етті. Мемлекет басшысының қолынан генералдық атақ алу бақыты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеттің төрайымы Сәуле Айтпаеваға бұйырды. Ол 1960 жылдың 22-мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген. 1977 жылдан бері құқық қорғау саласында түрлі қызметтерді үздіксіз атқарып келген Сәуле Мұханбедианқызы 2012 жылдың сәуірінде Қазақстан Рес­публикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалған. Ол бұған дейін, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» (2001) атағымен, «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Рес­публикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған. Тұрмыста, екі баласы бар. Айта кетейік, Сәуле Айтпаева Қазақстанда генералдық атақ алған алғашқы әйел. Бұл қоғамдағы әйелдердің ер азаматтармен тең құқылы екенін одан әрі де айшықтай түсетін марапат екені сөзсіз.
Мемлекеттік наградаларды тапсырып тұрып, Елбасы әскерилерге қарата: «Сіздердің бас­ты міндеттеріңіз ұлт пен ұлыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз үшін тәу еткен Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан мәртебе жоқ» деді. Сосын тату елдегі тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы әскери қызметшілерге байланысты екенін еске салды. «Сіздер сол салада абыройлы борышты әрқашанда үлкен білімділікпен атқарып ке­лесіздер. Қазақстан тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет екендігі баршаға белгілі. Осының барлығы сіздерде бар деп ойлаймын» деді бұл ретте.

Бейбітгүл ИСАЕВА

http://anatili.kz/?p=13834

 

Рубрика: