Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Лондонда толықтай тәтті жасалған «қонақ үй» ашылды. Ерекше қонақ үй өз қонақтарын 20 наурыздан бастап қабылдай бастады. Бұл лондондықтар мен британ астанасына келген туристер үшін жеуге болатын сегіз бөлмесі бар «қонақ үйде» тұрақтай алатын жалғыз күн.

Аталған «қонақ үйде» тіпті бөлме қабырғалары мен терезе алды тақтайларды да жеуге болады. Олар помадкадан (жеміс шырынына шекер қосып істеген конфеттің бір сорты) жасалынған. Бөлме ішіндегі барлық жиһаз, аксессуарлар, интерьер заттары мен өнер бұйымдары, әшекейлер және тағы да басқа заттар бисквит, бадам печенье, тәтті тоқаш, безе (жұмыртқаның ағын араластырып пісірген көпірме), крем, және басқа да кондитер тағамдарынан жасалынған.

Осындай бөлмені жүзеге асыру үшін 14 маман қызмет атқарған екен. Олар «құрылыс материалдарын дайындауға 2000 сағат жұмсаған, ал бөлмені әшекейлеуге 900 сағат уақыттары кеткен. Бөлмелердің бірінен түрлі түсті безеден жасалынған кілемді, карамельді поп-корн себілген ваннаны, кекстен жасалынған шырақтарды, зефирлі гүл тізбегін көруге болады.

«Қонақ үйдің» ашылуы қант өндірумен айналысатын компанияның жарнама науқаны болды. Қонақтарға бөлмелердің есіктері сол күні кешкісін жабылады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

 

http://massaget.kz

Рубрика: