Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

нгҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстанда болды. Мұны кезекті сапардың бірі және бірегейі болды десек, артық айтпағанымыз. Бірегейі дейтін себебіміз, мұнда екі ел үшін бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. 
Атап айтсақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім, ҚР Қаржы министрлігі мен Өзбек мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы кеден арқылы тасымал­да­натын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйым­дастыру жөніндегі Хаттама, Қазақ­станның Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мен Өзбекстанның мәдениет және спорт істері министрлігі арасындағы 2013 – 2015 жылдарға арналған Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдар­ламасы, Ішкі істер министрлігі мен Өзбек ішкі істер министрлігі арасындағы ын­тымақтастық туралы келісім.
«Ташкент-2» әуежайында Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Ислам Каримов және Өзбекстанның жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ ҚР-дың Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин қарсы алды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы сапар аясында «Тәуелсіздік және гуманизм» мемориалына гүл шоқтарын қойды, Төле бидің кесенесі орналасқан «Шейхантахур» кешенінде болды. Тағы бір маңызды дүние, ол – Елбасының Ташкентте қа­зақ­тың ұлы ағартушы-ақыны Абай ескерткіші ашылуының салтанатты рәсіміне қа­тысуы.
«Өзбекстан – біздің аймақтағы ең ірі мемлекет, оның біздің аймақтың барлық мәдени қабатына әсер ететін үлкен мә­дени-тарихи дәстүрлері бар» деп атап өтті Елбасы екіжақты келіссөздер аяқ­талғаннан кейін. «Біздің ынтымақтасты­ғы­мыз туындайтын барлық мәселелерді сындарлы түрде шешумен ерекшеленеді. Біз Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылының бірыңғай көзқарасынан көбіне аймақтағы тыныштық, қауіпсіздік және жалпы алдағы гүлденуіміз бай­ла­нысты болатынын жақсы білеміз. Жұмыс сапары Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы Мәңгілік достық туралы келі­сімнің қол қойылғанына 15 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Мәңгілік достық туралы айтылғанда, онда ұсақ және достық емес актілер болмауы тиіс. Біз Қожа Ахмет Йассауи мазарының алдында, осы аймақта бірге өмір сүріп, өсіп-өнген және отба­сыларын құрған аталарымызға тағзым ете отырып (құжатқа) қол қойдық. Атал­мыш маңызды құжат біздің мемлекеттер ара­сындағы тарихи достық қарым-қатынас­тың нығаюына негіз қалады. Бұл бағытта бүгін қол қойылған Стратегиялық әріп­тестік туралы келісім қазақстандық-өзбек­стандық қарым-қатынастың жаңа парағын ашады. Мен сындарлылығы және аталмыш құжаттың қажеттілігін түсінгені үшін Ислам Әбдуғаниұлына үлкен ризашылығымды білдіремін» деді Елбасы. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты қарым-қатынастың айтарлықтай ауқымды келісімдік-құ­қықтық базасы бар. Оған ынтымақ­тас­тықтың барлық дерлік салаларын қам­титын 160 құжат енген. Еске сала кетер бір жайт, Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылғы 23 қарашада орнатылған. Екіжақты қатынастардағы негізгі құжат Мәңгі достық туралы шарт және Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы шарт болып табылады. 2012 жылы екі ел ара­сындағы тауар айналымы 2 млрд 75 млн АҚШ долларына жетіп, 9,6% өсімді көр­сетті.

 

http://www.aikyn.kz/news/view/24269

Рубрика: